|
Елімізде биыл екінші рет Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырған шахматтан Қазақстан Парламенті Сенатының ашық кубогі-«Senat Open» турнирі мәреге жетті. Турнирдің алғашқы кезеңі ақпан-мамыр айлары аралығында еліміздің барлық облыстарында іріктеу туры ұйымдастырылған болатын. Іріктеу турынан іркілмей өткен командалар маусым-тамыз айларында аймақтарға бөлініп, Түркістан, Көкшетау, Семей, Орал, Талдықорған қалаларындағы жартылай финалда өзара мықтыны анықтаған еді. Біздің Жамбыл облысының командасы Түркістан қаласында Қызылорла, Түркістан
|
|
Обновлено 05.09.2025 11:20 |
|
Толығырақ...
|
|
Биылғы жаз өте ыстық болды. Күздің алғашқы күндерінде де күннің ыстығы басылмай тұр. Мұндайда халық, әсіресе жастар суға түсуге ынтық болып отырады. Сарыкемер ауылы маңындағы Талас өзеніне түсіп, салқындайтындардың қатары аз емес. Ал олардың кейбірі ескертілген ескертулерге қарамастан суға түсіп, зардап шегіп жататыны өкінішті. Жақында Сарыкемер ауылына Астанадан қыдырып келген ана екі баласымен бірге өзен жағасына демалуға барған. 9-10 жастағы үлкен баласы өзінше суға түскенде қасындағы 5-6 жасар інісі қараусыз қалған. Олда қалт-құлт етіп, су жағасына келіп, суға түсіп кеткенін байқамай қалады. Мұны сол маңда шомылып жүрген Сарыкемер ауылының 14 жасар тұрғыны Жігер Нұртаза көріп қалып, бірден суға секіреді. -Мен кішкентай баланың суға бір батып, бір көтеріліп жатқанын көріп қалдым. Дереу суға сүңгіп, оны алып шығуға әрекет жасадым. Бала бұл кезде көп су жұтып қойған еді. Ол жердің терең екенін
|
|
Обновлено 05.09.2025 11:13 |
|
Толығырақ...
|
|

Уақыт сынаптай сырғып өте береді. Алайда елі үшін күйген, қиын да сындарлы сәттерде жанын жалау еткен – ерлер есімі, ерлік үлгісі ұмытылмайды. «Ер есімі – ел есінде…» деген халық қағидатының шынайы шындығы осыны айқындайды. Мәдімар ауылында сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған Нурдин Нұрановтың туғанына-125, зайыбы Қалыш Жәлтайқызының туғанына-111 жылдығына орай еске алу жиыны өтті. Жиынды Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұматаев ашып, елі үшін туған ердің еліне сіңірген еңбегін атап өтті. Аталған округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Дәулетов зұлматтың құрбаны болған хас ердің есімі ешқашан ұмытылмайтындығын айтса, Мырзатай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің
|
|
Обновлено 05.09.2025 11:14 |
|
Толығырақ...
|
|
Халықтың жаны мен жүрегін, санасын һәм тағдырын танытатын ең ұлы құндылық - тіл. Ұлт болып қалыптасудың, тарих сахнасында жоғалмай, өз өрісінде өсуінің ең басты шарты да осы - ана тілі. Әрбір адамның дүниетанымы, болмыс-бітімі, рухани биігі де туған тілімен бірге өрбиді. Тіл-ұрпақ пен баба арасындағы алтын көпір. Ол - ата дәстүрін, салт-сананы, ұлттық мінез-құлықты, адамгершілік қағидаларды келешекке жеткізетін сенімді құрал. Қазақ халқы ежелден сөз қадірін түсіне білген, тілге құрметпен қараған ел. Халқымыздың «Өнер алды-қызыл тіл», «Тіл-тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген нақылдары
|
|
Толығырақ...
|
|
Жастық шақ – арман мен үмітке, жігер мен жалынға толы ең асыл кезең. Бұл уақыт адам өмірінің ең белсенді шағы болып есептеледі. Әлемді тануға деген құштарлық пен жаңашылдыққа ұмтылыс та дәл осы жаста айқын байқалады. Жастардың бойындағы қайрат пен сенім олардың ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Сондықтан да жастық шақты дұрыс бағыттап, игі істерге арнау – әр буынның парызы. Жаңа дәуірдің табалдырығын аттаған бүгінгі жастар-еліміздің ең басты қозғаушы күші. Олардың ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы қоғамның даму қарқынын айқындайды. Қазір жас буынның бейнесі бұрынғыдай тек білім алумен немесе жұмыс істеумен ғана өлшенбейді. Олар – креативті ойлайтын, жаңа идея
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 Келесі > Соңғы >>
|