Онлайн газет



АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Қоғамның кемелдену жолындағы басты кедергілердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Бұл - тек қаржылық немесе әкімшілік заңбұзушылық қана емес, ол - елдің дамуына тұсау болатын әлеуметтік індет. Әділетсіздік пен парақорлық салтанат құрған ортада заңның үстемдігі әлсіреп, азаматтардың сенімі төмендейді. Сол себепті жемқорлықпен күресу жай бір шара емес, өркениетті мемлекеттің тірегі саналатын негізгі қағидаға айналуға тиіс.
Таза қоғам құру үшін ең алдымен ашықтық пен әділдік қажет. Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру - жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған негізгі шаралар.
Ақпаратқа қолжетімділік, қабылданған шешімдердің айқындылығы, халықтың билікке сенімі - осындай қағидаттардың сақталуы

Толығырақ...
 
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫН БІР ТҮРДЕН ЕКІНШІ ТҮРГЕ АУЫСТЫРУҒА ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Осы «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар

Толығырақ...
 
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Қоғамда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің беделіне кері әсерін тигізетін ең күрделі мәселелердің бірі – жемқорлық. Жемқорлық тек мемлекеттік қызмет саласында ғана емес, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес және басқа да өмірдің әр саласында кездеседі. Бұл індеттің кең таралуы халықтың мемлекетке деген сенімін әлсіретіп, әділетсіздікке жол ашады.
Жемқорлық – бұл қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану арқылы жеке пайда табу. Ол пара беру, пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану секілді

Толығырақ...
 
ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ ПЕН САЛЬМОНЕЛЛЕЗДЕН САҚТАН

Вирусты гепатит – бұл бауырды зақымдайтын, әртүрлі вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оның бірнеше түрі бар: А, В, С, D, Е.
А және Е гепатиті көбіне лас су немесе тағам арқылы жұғады, әдетте жедел түрде өтеді.
В, С және D гепатиті қан, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады, созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Негізгі белгілері: әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, іштің ауырсынуы, тері мен көздің

Толығырақ...
 
«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЦИФРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШУ»

МЕМЛЕКЕТ  БАСШЫСЫ  ҚАСЫМ-ЖОМАРТ  ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫНА  ЖОЛДАУЫ

Құрметті депутаттар!
Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.
Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.
Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет.
Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін.
Қымбатты отандастар!
Құрметті Парламент депутаттары
және Үкімет мүшелері!
Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты.
Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымы өсіп бара жатыр. Халықаралық

Обновлено 09.09.2025 12:26
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3579
mod_vvisit_counterКеше6407
mod_vvisit_counterОсы аптада23317
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда82491
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4339749

Серіктестер