Онлайн газет



АНАНЫҢ АРМАНЫ – БАЛАНЫҢ АМАНДЫҒЫ

«Бала тәрбиесі тал бесіктен», демекші жас ұрпақ тәрбиесін кімге тапсырамыз дегенде ойға бірден ақжаулықты абыз әжелер оралатыны белгілі.
Бесік жырынан бастау алып, ертегілерге жалғасын табатын, әженің өнегелі әңгімесін тыңдап, қиялының қанатын шыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше, тәрбиесі мен алған өнегесі де жақсы болары анық. Тәрбие бар жерде бүгінгі күннің шешімі қиын, күрделі мәселелері үлкен сұраққа айналмас еді деп ойлаймын.
Әдетте ата-анасынан, әжесінен тәлім-тәрбие көрген бала зерек, сөз қасиетін толық танып, түсінетін, салт-дәстүрге жетік болып өседі. Әже-отбасының алтын қазығы десек те, қазіргі жас ұрпақтың көзқарасы түбегейлі өзгерген. Өйткені бүгінгі жастардың бір-бірімен қатынасы, жаман қылықтарға тез бой алдыруы, ашушаңдық, әлімжеттілік жасауға бейім тұруы әже тәрбиесінің  жетіспей жатқанының айқын көрінісі деуге болады. Қазіргі ұрпақ

Обновлено 26.09.2025 11:41
Толығырақ...
 
WORLD CLEAN UP DAY АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

2023 жылы БҰҰ Бас ассамбеясы 20 қыркүйекті “Дүниежүзілік тазалық күні” деп жариялау туралы қаулы қабылдаған болатын. Өткен жылдан бастап елімізде Ел Президентінің бастамасымен “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы жүзеге асып келеді. Өткен сенбіде “Дүниежүзілік тазалық күніне” орай халықаралық World Clean Up Day акциясы өтті.
Аталған акцияға аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл, ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, «Сарыкемер-Түймекент» бағытындағы автомобиль жолының бойындағы қураған бұтақтарды кесіп, жол жиектерінде өскен

Толығырақ...
 
БАЛА ОЙЫНЫ ЗАРДАП ШЕКТІРМЕСІН ДЕСЕК

Бала - біздің болашағымыз. Бірақ біз көп жағдайда бала өміріне қауіпті жағдайлардан сақтандыруды алдын ала ойламаймыз. Ауданымыздағы өрт санының кемімей отырғандығына балалардың отпен ойнауы да әсер етуде. Нәтижесінде мемлекет, жеке азаматтардың мүлкіне айтарлықтай зиян келуде. Ағымдағы жылдың басынан-ақ өрт оқиғаларының саны өршіп тұр. Тіпті көп жағдайда “ойнаушының” өзі де жапа шегуде.
Құрметті ата-аналар, әжелер мен аталар! Біз сіздерге балаларыңыз бен немерелеріңізге аса мұқият болуға

Толығырақ...
 
ШАРУАЛАР АҒЫН СУҒА АЛАҢДАУЛЫ

Өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде аудан әкімі Олжас Баққараев Сазтерек ауылдық округіне қарасты шағын ғана Ақтөбе ауылында болып, халықпен кездесті. Ауылдың орталық көшесінде еркін форматта өткен кездесуде округ әкімі Жұмабек Шайхиев ауыл туралы қысқаша мағлұмат берді.
Ауылдағы екі көшеде 352 халық тұрады. Бастауыш мектепте 28 оқушы оқыса, 5-11-сынып аралығындағы 43 оқушы Абай ауылындағы Абай атындағы орта мектепке тасымалданып оқиды. Ауыл балалары үшін кіші футбол алаңы 2023 жылы салынып берілді. Халық денсаулығына байланысты 2017 жылы ауылдағы «Дән» шаруа қожалығының демеушілігімен 5 келушіге арналған фельдшерлік тірек соғылып, жұмыс істейді.
Халық негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Ауылда 645 гектар суармалы жер бар. Ауыл халқы егістікке

Обновлено 23.09.2025 11:48
Толығырақ...
 
ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен аптада аудан әкімі Олжас Баққараев балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Олжас Елебекұлы жаңа оқу жылы басталғалы бері облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылықтарға тоқталды. Бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға екпін сала отырып, арнайы жұмысшы тобы құрылып,  кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Еркін форматта өткен кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров, аудандық мәслихаттың төрағасы

Обновлено 23.09.2025 11:46
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3051
mod_vvisit_counterКеше6478
mod_vvisit_counterОсы аптада16382
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда75556
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4332814

Серіктестер