Онлайн газет



ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 80-ШІ СЕССИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ДЕБАТТА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті Президент!
Қадірлі Бас хатшы!
Құрметті делегаттар!

Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді. Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды. Алайда ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді деп айту қиын. Дәл сол себепті жер жүзіндегі миллиондаған адам Бірікккен Ұлттар Ұйымына үлкен үмітпен көз тігіп отыр.
Бүгінгі тарихи кездесу – әмбебап және баламасы жоқ Ұйымның іргелі қағидаттары мен мақсаттарына қаншалықты бейіл екенімізді дәлелдейтін орайлы мүмкіндік. Әйтсе де біз көпжақты институттарға деген сенімнің дағдарысқа ұшырағанын айтпай кете алмаймыз. Халықаралықтың құқықты өрескел бұзу «қалыпты жағдайға» айналды. Соның салдарынан әлемдегі тұрақтылыққа нұқсан келіп, халықтардың, саяси көшбасшылар мен мемлекеттердің бір-біріне сенімі әлсірей түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етіп, Ұйымның құбылмалы заманға бейімделуіне қолғабыс етуіміз қажет. Өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухы

Обновлено 26.09.2025 13:11
Толығырақ...
 
ҚЫЗЫЛША ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Кеше Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Тараз-Алматы тас жолының бойынан 200 гектар аумаққа жаңа қант зауыты құрылысының жобасы бойынша құрылысты бастау рәсімі өтті.
Қытай елінің «ZhongKai» компаниясы қолға алған құрылыстың жобалық құны 109 млрд. теңге, құрылыс іске қосылғанда 378 адамды жұмысқа тартатын болады. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 миллион тоннадан бастап қант қызылшасы өңделеді. Жылына 78-120 мың тонна аралығында өнім алынатын болады.
Қосымша жылына 32-54 мың тонна аралығында меласса, 41-77 мың тонна аралығында жем шығаратын болады. Зауыт 2026 жылы іске қосылады.
Аталған шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі

Обновлено 26.09.2025 13:07
Толығырақ...
 
КАНДИДАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жақында Бурыл ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттарға үгіт-насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абилхайыр Боранбаев, мүшесі Мерей Амангелді, Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, тіркелген кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, Бурыл ауылдық округіне қарасты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абилхайыр Боранбаев Қазақстан Республикасының

Обновлено 26.09.2025 12:07
Толығырақ...
 
ӨЗ КӘСІБІНІҢ БІЛГІРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек-қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», - деген еді.
Еңбек адамдарына жасалған құрметтің бірі - биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы болды. Бұл қатардағы жұмысшыларға жасалған жеңілдіктің бірі деседе болады. Міне жыл басынан бері еңбек адамдары өз жауапкершіліктерін терең сезіне отырып, өз міндеттерін сапалы

Обновлено 26.09.2025 12:04
Толығырақ...
 
1 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕСЕҢІЗ, ӨСІМПҰЛ ҚОСЫЛАДЫ

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 1 қазанына дейін жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелері мүлік салығын төлеуі тиіс екенін еске салады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық органдары тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығымен иеленген нақты мерзім негізінде есептеледі.
Алдағы төлемдер сомасы көрсетілген салық туралы хабарламалар қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес 2025 жылдың шілде айында меншік иелеріне жолданды. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде салық сомасы жөнінде ақпарат жіберілді.
2025 жылдың 2 қазанынан бастап мүлік салығын уақытылы төлемеген тұлғаларға салықты

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2965
mod_vvisit_counterКеше6853
mod_vvisit_counterОсы аптада9818
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда68992
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4326250

Серіктестер