Онлайн газет



ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ӨТКЕН СЕНБІЛІК

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен сенбі күні ұйымдастырылған жалпы аудандық сенбілік нәтижесінде аудан орталығы кәдімгідей жаңарып қалды. Аудан орталығының түкпір-түкпірінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң Сарыкемер айнадай жарқырады. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін әктеген байзақтықтар ортақ үйіміздің әсемденуіне біркісідей атсалысты. Тазалық айлығында әр аптаның жұма-сенбісі күндері сенбіліктер ұйымдастырылып, аудандағы мекемелерге көлік жолдарының бойын тазалау, талдарын бұтау, әктеу бөлініп берілген. Сонымен бірге Талас өзенінің бойын тазалауға, Сарыкемер ауылындағы әр көшенің тазалығына жауапты мекемелер бекітілген болатын. Бұл күнгі сенбілікке 166 мекемеден 1546  адам қатысты. Ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде 3500 түп тал-дарақтар отырғызылып, 70 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Осы күні «Астананың 10 жылдығы» саябағын тазалауды аудандық ардагерлер ұжымы,  аудандық әкімдік қызметкерлері мен мәслихат аппараты және дербес бөлімдердің басшылары қолға алды. Онда аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлының өзі бастап шығып, артық өскен бұталарды кесіп, ағаш отырғызып, тазалық жұмыстарына атсалысты. «Мынау біздің болашағы зор саябағымыз болмақ. Оны даладан біреу келіп жөндеп, тазалап бермейді. Сондықтан «екі қолға бір күрек» алып, өз жерімізді өзіміз ретке келтіруіміз қажет»,-дей келе аудан басшысы халықтың жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалатынын алға тартты. Сонан соң М.Шүкеев Тараз-Сарыкемер және басқа бағыттардағы жолдарды аралап, сенбіліктің өткізілуін қадағалап шықты.

Обновлено 09.04.2014 11:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін53
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2088
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42278
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249664

Серіктестер