Онлайн газет



Жарқын болашақ жастармен бірге

А.Қайыпназарқызы,
«Ауыл жаңалығы».

Халқымыз әу бастан-ақ өмірінің жалғасы ұрпағынан зор үміт күтіп, келелі келешекке сеніммен қараған. Қанымызға сіңген игі дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып, аға буын өкілдерінің жас ұрпаққа жауапкершілік жүктеуі заңды құбылыс. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға

арнаған бір сөзінде «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген болатын.
Бұл сөздерге көз жүгірткен сайын біздегі жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиеті қандай деңгейде екен дегенге келеміз. Апта басында ауданымызға арнайы іс-сапармен келген облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаевпен болған кездесуде дәл осы сұрақ талқыға салынды.

Қызыл жұлдыз елдімекеніндегі Н.Ақшабаев орта мектебінде өткен кездесуде сөз сөйлеген облыстық «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Ғ.Елгембаева ұйымның құрылу мақсаты, оның жасөскіндерді патриоттық рухта тәрбиелеуде атқарар рөлі, ұйымға мектеп оқушыларын мүшелікке қабылдауда ұстанатын басты ережелер  туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ғалия Мұратқызы  «Жас ұлан», «Жас қыран»  ұйымдарының жұмысын жергілікті жерлерде жандандырудың мыңыздылығын  сөз етіп, кездесуге қатысып отырған ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиылғандардың сұрақтарына жауап берді.
Жиынға қатысушылардың негізгі дені мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарымен тікелей жұмыс жасайтын тәлімгерлер болғандықтан, олардың тарапынан «Жас ұлан», «Жас қыранға» қабылдау күнін арнайы белгілеу,  тәлімгерлерді тренинг-сабақтарға қатыстыру, аудандық деңгейдегі ұйымның үйлестірушілерін оқытудан өткізу т.б.  көптеген проблемалар алға тартылып, олардың оң шешім табуына көмек көрсетілсе деген сұраныстар білдірілді.
Ал, келесі болып мінбеге көтерілген облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев еліміздегі жастар саясаты мәселесі бойынша қолға алынған іс-шаралар, оның ішінде облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Өз сөзінде республикамызда жастарға жан-жақты жанды қамқорлықтар жасалып жатқанын атап өткен Еркебұлан Есенғалиұлы Президентіміздің «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде кейінгі буын – жастарға жүктеген тапсырмалары, «Жастар Отанға» стратегиясының жүзеге асырылу барысы, «Мемлекеттік жастар саясатының -2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы», ондағы негізгі міндеттер жайында айтып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін оларға мамандық таңдауда, кәсіп ашуда дұрыс бағыт-бағдар беру, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда мектеп инспекторларымен бірлесе жұмыс істеу  туралы өз ойымен бөлісті. Жиылған жастарды жарқын болашақ үшін біріге еңбек етуге  шақырды.
Түстен кейін Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаевтың іс-сапары Байзақ аудандық емханасында жалғасты.  Мұнда ол «Дипломмен  ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс атқарып жүрген жас мамандар, терапевт  дәрігер Ә.Қуатова, құлақ, мұрын ауруларының емшісі А.Халидов, кардиолог А.Амангелдімен кездесіп, жұмыстарымен танысты. Өз кезегінде А.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін тәмәмдап, ауылда қызмет атқарып жүрген  жас дәрігерлер «Дипломмен ауылға» бағдарламасының барлық шапағатын сезініп отырғандықтарын атап өтті. Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарға ризашылықтарын білдіріп,  тұрғындардың дені сау болуы үшін тиісінше тер төгетіндіктерін жеткізді.
Мұнан соң аудандық әкімдікте «аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі» кеңес отырысы өткізілді. Ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен ақсақалдар және жастар қауымы қатысқан кеңесті ашып, жүргізіп отырған  оның төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастап елімізде жас буынның оқып-білім алуына, өнерлерін өрістетіп, дендерінің сау болуына айрықша назар аударылып отырғандығын айтып, аудан халқы, оның ішінде жастардың үлесі, ұл-қыздарымыздың баянды болашағы жолында жасалып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндап, кеңестің  күн тәртібіне шығарылған мәселелерімен таныстырды.
Сонымен, күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - Ынтымақ ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы осы елдімекеннің әкімі М.Ноғаев баяндама жасаса, Байзақ ауданы бойынша жастарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова айтып берді. Түймекент ауылдық «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы Ж.Айтуғанов  биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған шараларының есебін баяндаса, Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын аудандық «Жастар орталығының» директоры М.Молдабаев сөз етті. Мұхит        Айтмұханұлы сонымен қатар, «Жастар орталығына» жеке бөлме беру және ауылдық округтердегі жастар ұйымдастырушылары лауазымын «нұсқаушыларға» ауыстыру туралы ұсынысын білдірді. Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов жастар – келер күннің егелері екендігін айтып, олардың қариялармен қоянқолтық жұмыс жасауының маңыздылығы жайында әңгіме қозғады.
Мұнан кейін сөзге шыққан Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев жастар саясатын жандандыру – ортақ парыз дей отырып, іс-сапардың басты мақсатына тоқталды.  Еркебұлан Есенғалиұлы аудандағы «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының жұмысы ақсап тұрғандығын, «Жастар орталығының» ұйымдастырушыларына әлі де болса қолдау қажет екендігін, орталық жанынан «Жас кәсіпкер», «Жас блогерлер» клубын ұйымдастыру мәселелеріне басшылықтың назар аударуын сұранды.
Кеңес отырысын қорытқан Мұратхан Жүнісәліұлы онда айтылған барлық ұсыныстар ескерілетіндігін атап өтіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Артынша аталмыш кеңес жұмысына қатысқан қонақтар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Талас өзені маңында ұйымдастырылып жатқан спорт алаңында қызу іске кіріскен жас-қыз жігіттермен кездесті.

 

Обновлено 09.04.2014 11:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін10
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2045
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42235
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249621

Серіктестер