Онлайн газет



Сүт өндірісін дамыту- заман талабы

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің үстіміздегі жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ауылшаруашылығы саласына ерекше мән бергені белгілі.  Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды екенін атап өткен Президентіміз «Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс» деді.  Айтылған міндеттерді ескере келе, Елбасы Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді мықтап тапсырды. Ал, тапсырманың жүзеге асырылуының алғашқы қадамы – «Агробизнес-2020» бағдарламасы болмақшы. Оның басты мақсаты - агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, оларды қаржылық сауықтыру, олар үшін тауарлардың, жұмыстардың және экономикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жалпы ауылшаруашылығы саласына жаңа серпін, тиімді  қолдау көрсету болып табылады.
2013-2020 жылдарға арналған бағдарламада сүт өндірісін дамытуға да айрықша көңіл бөлінген. Осыған байланысты бүгінде республикамызда сүт өндірісін дамыту жөнінде шебер жоспар құрылып, ауыл аймақтар аталмыш бағыт бойынша жұмыс жүргізуді бастап та кетті. Бұл шебер жоспар негізінде әрбір фермер 24, 50, 100, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашып, оны дамытуға мүмкіншілігі бар. Ол үшін Үкімет барлық жағдайды жасауға уәде беріп отыр. Яғни, сүт өндірісін өркендетуге ниет білдірушілерге «КазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы лизингке кредиттер беріледі. Жоспарда істі ілгері жылжытам деушілерге бұдан да басқа көптеген көмектер қарастырылған.
- Байзақ ауданында тауарлы сүт фермасын құруға бүгінгі таңда 10 фермерден ұсыныс келіп түсті, - деп бастады өз сөзін бізбен болған әңгімесінде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сағынбеков.
Атап айтқанда, Жаңатұрмыстағы «Ниет», «Асыл», «Нұрбек», Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Бекзат», «Агали», ботамойнақтық «Данияр», «Жадыра»,  «Тажибаев Х.», Диқаннан «Балқаймақ», «Ақжол-7» агроқұрылымдары құжаттарын өткізіп, жақын арада іске кіріспекші. Олардың жетеуі бұрыннан салада тәжірибелері мол шаруа қожалықтары болса, үшеуі жұмысын жаңа бастағандар. Деседе, Үкіметтен үлкен көмектер көрсетілудің арқасында, агроқұрылымдар қолға алған жұмыстарын сәтті жүзеге асырып, сүт индустриясының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосады деген сенім мол. Осы жерде айта кететін тағы бір мәселе, ауданымызда сүт фермалары құрылған жағдайда, 15 ауылдық округте сүт қабылдау пункттерін ашу жоспарлануда. Бурыл, Ботамойнақ, Диқан, Жаңатұрмыс, Жалғызтөбе, Көктал, Көптерек, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Сазтерек, Сарыкемер, Суханбаев, Темірбек, Түймекент және Үлгілі елдімекендерінде ашылатын сүт қабылдау ошақтарына ауыл тұрғындары өнімдерін қалаға апармай-ақ, сол жерде тиімді бағаға өткізуіне болады. Жалпы, жобаның тиімді жақтары көп. Бір жағынан, сүт өнімдерінің өсімін ұлғайтып, еліміздегі ішкі нарықты молайтсақ, бір жағынан осылайша жұмыссыздық мәселесін біршама жеңуге мүмкіншілік аламыз. Сүт фермалары құрылған жағдайда көптеген жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылады. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым ауыл халқына «Агробизнес-2020» бағдарламасы, оның түрлі бағыттағы жоспарларының берер пайдасы орасан зор, - дейді Болат Мырзаханұлы.
Деректерге сүйенсек, елімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерінің 20 пайызы сүт өндірісінің үлесінде екен. Республикамыздағы тұрғындар тарапынан сүт өнімдерін пайдалану көлемі жыл сайын артып келе жатқандығын ескерсек, бұл көрсеткішті одан әрі көбейту қажеттігі айқын. Деседе, мамандар қашанда дастарқанынан қымыз-айраны, құрт-ірімшігі үзілмеген елде сүт индустриясының толық дамымай отырғандығына алаңдаулы. Сол себептен де қазіргі таңда мемлекетімізде «Агробизнес-2020» бағдарламасына мейлінше басымдық беріліп отыр.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін103
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9125
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5032
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256701

Серіктестер