Онлайн газет



Ардагерлерге арналған тренинг

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында

ағымдағы жылғы  наурыздың 11-і мен сәуірдің 6-ы аралығында  «Денсаулықтың 7 қадамы» ұранымен «Денсаулық марафоны» ұйымдастырылып өткізілуде.
Жақында  аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  ұйытқы болуымен  егде жастағылардың дұрыс тамақтануы- саламатты өмірдің кепілі екендігі жөнінде  тренинг өткізілді. Сарыкемер ауылы  аудандық ардагерлер кеңесінің ғимаратында «Қарттарым, аман сау жүрші!»  атты тақырыпта өткен шараны аудан әкімі аппаратының  бас инспекторы. С.Иманова ашып,  Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру  ұзақтығын 80 жасқа немесе одан да көп жасқа ұзартуға мүмкіндік беретін саламатты өмір салты мен медицинаны дамытуға басымдық берілгендігін тілге тиек етті.  Бұдан соң сөз алған ЖОСӨСҚО Байзақ аудандық филиалының жетекшісі С.Бөлтірікова  қарттық-қорқыныш емес екендігін айтып, әдемі қартаюдың маңызын сөз етті.  Психолог А.Ержанова өткеріліп жатқан тренингтің шартын түсіндірді.  Алдымен ардагерлер өздерін таныстырды, “Миға шабуыл - «Кәрілік дегеніміз ауру емес» деген бөлімде  қарттық туралы ойларымен бөлісті.  Қапшықтағы жеміс-жидектерді  алып,  оның ағзаға пайдасы мен тигізетін зиянын әңгімеледі. “Сергіту” сәтінде  қариялар ақ қағаз бетіне оң қолдарының суретін салып,  алақанға бес жақсы қасиеттерді жазып, осы қасиеттерге кеңінен тоқталды. 
Тренингке қатысушыларға «Егде жастағылардың тамақтануы», «Тағамдағы ас тұзының пайдасы мен зияны», «Өз қан қысымыңды біл», «Күнделікті тиімді тамақтану пирамидасы” атты тақырыптарда бүктемелер, парақшалар таратылды.
Қызғылықты өткен тренинг соңында  қариялар атынан сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов,  соғыс  ардагері С.Рысбаев,  осындай тағылымы мол шараны ұйымдастырып, өткізген азаматтарға    алғыстарын айтты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 09.04.2014 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9197
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5104
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256773

Серіктестер