Онлайн газет



Денсаулық күні аталып өтілді

7 сәуір- Денсаулық күніне орай  аудан әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  мұрындық болуымен  “Денсаулық-басты байлық“  атты  шара өткерілді. Оған  аудан орталығындағы  білім ошақтары: Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы, Сарыкемер, Қазақстанның 40 жылдығы, Н.Киікбаев және Ю.Гагарин атындағы  орта мектептердің 6-7-8 сынып оқушылары қатысты.
Мектеп оқушылары  әртүрлі спорттық жаттығуларды жасап, жеке адамның, мемлекеттің, қоғамның басты байлығы – денсаулық екенін, ал  жаны сұлу, тәні сау ұрпақ салауаттылықты ұстанса,  саулық – байлықтың  негізі екенін ұққандай болды.
Мұнымен қатар аудандық орталық стадионда жеңіл атлетикадан жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатқа ие болды.
*                 *                    *
Аталмыш күнге орайластырылып, Талас ауылында «Салауатты өмір салты» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары және  Талас ауылдық дәрігерлік амбулатория ұжымы қатысып,  өзара  пікір алмасты. Клуб меңгерушісі  А.Мусаева “Саламатты өмірдің маңызы” атты тақырыпта мазмұнды  баяндама жасады.   Дәрігер  Ұ.Атабаева әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін айтып,  денсаулыққа  салғырт қарамай,  дер кезінде  дәрігерге көрініп тұру қажеттігін  тілге тиек етті.  Жас маман Э.Ахметова жеке бас тазалығын сақтау барысында  гигиеналық талаптарды орындау баланың дұрыс дамуына мүмкіндік беретіндігін,  гигиенаның ережелерін қатаң  сақтау қажеттігін әңгімеледі.

*    *        *                
Дәл осы күні Қостөбе ауылдық клубында «Дені саудың жаны сау» атты тақырыпта  денсаулық сағаты өткерілді. Клуб меңгерушісі Д.Керімқұловтың ұйымдастырған шарасында  жүрек-қан тамыр аурулары туралы кеңінен мағлұмат берілді.  Қостөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының   бас дәрігері А.Байсеркеева жүрек-қан тамырлары ауруының қатерлігі, одан сақтану  жолдары, күнделікті тамақ құрамында жеміс пен көкөністер, дәнді дақылдар, майсыз ет, тағы басқа  тағамдарды қолдану қажеттігін сөз етті.
Шара соңында ауыл тұрғындары В. Жанысбаева, С.Арықбаев өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 09.04.2014 10:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін115
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9137
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5044
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256713

Серіктестер