Онлайн газет



Табиғатты өрттен қорғайық!

Д.Байгутдиев,
Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің инженері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі №781 қаулысын орындау мақсатында өртке қарсы қызметті құру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» №949 қаулысын іске асыру барысында 1 өрт сөндіру қызметінің басшысы, 2 автокөлік жүргізушісі және 6 өрт жасақшылары қызметке алынды. . Сонымен қатар, 20 орманшы-қорықшыдан тұратын өрт сөндіру жасағы құрылды. Бұл өрт сөндіру жасағы 40 бірліктен тұратын алғашқы өрт сөндіру құрал – саймандарымен қамтамасыз етілді. Табиғи өрттің алдын алу және оны болдырмау мақсатында «Ақжар» бекетінде 50 дана өрт қаққыш 12 дана ранцевті су бүркігіш құралдары дайындалып сақтаулы тұр. Сонымен қатар, орман қорында келісім –шартпен отырған жер пайдаланушылардың әрқайсысына 4 өрт қаққыштан дайындау міндеттелді. Кезекші тракторлар соқаларымен және автокөліктер өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталып. «Ақжар» бекетіне кезекшілікке қойылады.
Орман қоры аумағында және үлкен жолдар бойындағы өрт қауіпі басым аумақтарға ескертпе тақтайшалар әзірленіп орнатылды.  Бұрынғы ескертпе тақтайшалар мен мұнаралар жаңартылды. Орман қоры аумағына кіре берісте орнатылған «Ақжар» бекетіндегі өртбақылау мұнарасы толық жаңартылды. Бекетте тәулік бойы кезекшілік жұмысы атқарылуда. Орталықпен рация байланысы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік орман қоры аумағында «Әсілбек», «Ақжар», «Есқара», «Дөңгелек», «Астауқобы», «Айдарды», «Қызылесік» бөлімшелерінде отыратын орманшы – қорықшылар рация байланыс құралдарымен толық қаматамасыз етілді. Олар күніне сағат 9.00-де және 17.00-де орталыққа байланысқа шығып, жалпы жағдайды баяндап отырады. Сонымен қатар кезекші өрт сөніргіш тракторымен кезекші автокөліктеріне байланыс құралы орнатылған. Мекемеде барлық 16 рация құралы жұмыс істеп тұр. Мекеменің орталық кеңсесіне мамандардан тұратын өрт қауіпі кезеңіне кесте бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Орман қоры аумағынан  келіп түскен хабарлар «Ақжар» бекетіндегі және мекеме кеңсесіндегі кезекшілік кітапшасына тіркеліп отырады. Мекемеде барлығы 4 трактор соқасымен 2-Нива және 4-УАЗ автокөлігі, өрт кезеңінің басталуына және өрттін алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шараларға толық жөндеуден өткізіліп сақадай сай тұр. Сәуір және мамыр айларының аралығында, жоспар бойынша белгіленген 950 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарды жаңалап айдау жұмыстарына дайындық жасалуда. 1 сәуірден өрт қауіпі кезеңі басталуына байланысты мекеменің орманшы-қорықшылары өздеріне бекітіліп берілген айналымдарында болып, жер пайдаланушыларға өртке қарсы іс-шаралар және үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп ескертпе нұсқаулар таратуда.  Сонымен қатар жер пайдаланушылардың 10 трактор соқасымен бірлесіп өрт сөндіру жөнінде келісім шарттар жасалынды. Барлық жер пайдаланушыларға және «Ақжар» бекетінен өтетін техникалардың иелеріне өртке қарсы іс-шаралар туралы ескертпе нұсқаулар таратылып берілуде. Мекеменің орман қоры аумағында орналасқан «Талас» және «Бескепе» орманшылығы өрт қауіпі мезгіліне дайындық жұмыстарын айтарлықтай жүргізіп жатыр. Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2014 жылға өртке қарсы жоспарланған профилактикалық шараларды жоспар бойынша толығымен орындауда.
Өрт –тілсіз жау. Онымен күрес бүкіл халықтық іс болғандықтан қоршаған ортаның байлығын көздің қарашағындай сақтауға біркісідей жұмыла ат салысайық!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін822
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11081
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27711
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279380

Серіктестер