Онлайн газет



Жұмыс істейтін әйелдерді әлеуметтік қолдау туралы

А. Манапбаева,
біржолғы жәрдемақылар мен төлемақыларды тағайындау бөлімінің жетекші маманы.

2008 жылы 1 қаңтардан әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу Халықаралық еңбек ұйымының №183 Конвенциясының ана мен баланы қорғауға қатысты ережелеріне сәйкес енгізілген
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш жасау өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық  округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);
4) жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi ай iшiндегi табыстары туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (анықтамалар);
5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктiк шотының нөмiрi не түзеу мекемесiнiң қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәлiметтер;
6) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
- дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
- салық органдары берген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салыстыру актiсi қоса берiледi (өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).       
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық  округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi, сондай-ақ оны салыстыру үшiн түпнұсқасы;
4) отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктiк шотының нөмiрi не түзеу мекемесiнiң қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәлiметтер;
6) бiр жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешiмiнен үзiндiнiң көшiрмесi;
7) бiр жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық белгiленген жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiледi.
Назар аударыңыз, ҚР 2014 жылы 10 қаңтарда №156-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы бала күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста екенi туралы жұмыс берушi бұйрығының үзiндi көшiрмесiн ұсыну туралы тармағы күшін жойды.
Декреттік демалыста және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiмен отырған әйелдерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қорынан (МӘСҚ)  белгіленген әлеуметтік төлемдерден жинақталған зейнетақы қаражаттары жалғаса береді.
Сонымен қатар, 2014 жылы 1 қаңтардан МӘСҚ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары әзірленді және МӘСҚ-н бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджеттен субсидиялау тәртібін айқындайды.   
Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысынан есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін жүргізіледі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін199
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11451
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда28081
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279750

Серіктестер