Онлайн газет



Басты мақсат - азаматтардың денсаулығын жақсарту

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Қарқынды түрде даму үстіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени тағы басқа салаларында, жаңа заман талабына сай, жаңа реформалар енгізіліп, бүгінде өзінің оң нәтижелерін бере бастағанын күнделікті өмірден көріп келеміз.
Сол қолданысқа енгізілген реформаларды жан-жақты қолдау мақсатында ел өмірінің көптеген салаларында, мемлекеттік деңгейде, түрлі бағдарламалар қабылданып, ел игілігін арттыруда

өз септігін тигізіп келеді. Ал бағдарламалардың жер-жерлерде орындалу барысы билік орындарының күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.

Мысалға, жуықта өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында («Ауыл жаңалығы» №31 (8165) 02.04.2014 ж.) «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы сарапқа салынған болса, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәселе аудан әкімдігінің, жұма күнгі кезекті мәжілісінде талқылауға түскен болатын.
Қоғам өміріндегі, шын мәнінде маңызы зор мәселе – денсаулықты сақтауды дамыту, оның ішінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аудан аумағында орындалу барысы  жайлы аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Сапарбековтің жасаған баяндамасына жүгінер болсақ, бүгінгі таңда аудан тұрғындарына бір-бірден орталық аурухана, аудандық және ауылдық емхана, туберкулезге қарсы күрес ауруханасы, 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық тірек, 6 фельдшерлік-акушерлік тірек, 3 ғимаратсыз медициналық тірек және 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қызмет көрсетіп келеді.
Аудандық медициналық емдеу мекемелерінде 102 дәрігер, 449 орта буын медицина қызметкерлері, 116 кіші мейірбике, оған қоса 105 адам түрлі (техникалық т.б.) қызметтер атқарады екен.
Аталған бағдарламаның көздеген мақсатына келер болсақ, ол негізінен елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Олар келесідей 6 нысаналар индикаторларынан тұрады: халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, аналар өлімін төмендету, туберкулез аурушаңдығын төмендету, 15-49 жастағы топтарда адамның иммундық тапшылығы вирусы (АИТВ) ауруының таралуын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау болып табылады екен.
Өткен 2013 жыл есебінде жалпы өлім көрсеткіші бойынша 350 адам қайтыс болған екен. Бұл (әр 1000 тұрғынға шаққанда) 4,1-ге төмендегенін көрсетеді. Жалпы өлім көрсеткіші бойынша кәріліктен (1000 тұрғынға шаққанда) -126,0 адам (І орында), онкологиялық аурулардан (1000 тұрғынға шаққанда) – 85,6 адам (2 орында), қан жүйесінің ауруларынан (1000 тұрғынға шаққанда) – 64,2 адам (3 орында) қайтыс болған екен.
Сәбилер өлімі көрсеткіштері жөнінен Суханбай, Көктал, Бурыл дәрігерлік амбулаториялары көш бастап келеді екен.
Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – стационарлық көмекті тұтыну деңгейін төмендету, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту болып табылады.
Бас дәрігердің мәліметінше, жалпы 2012 жылмен салыстырғанда, ауданда өлім көрсеткіші азайған. Оның басты себебі – облыстық емдеу мекемелерінде инсульт және инфаркт орталықтарының ашылуында.
Ауданда жүргізілген профилактикалық скринингтік тексерулердің нәтижелеріне тоқталсақ, 18-65 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер (барлығы 8701 адам) қан айналымы жүйесі аурулары және қант диабеті аурулары жөнінен тексеруден өткізіліп, олардың 385 қан жүйесінің ауруымен, 8 қант диабеті ауруымен ауырғаны анықталып, науқастар ретінде диспансерлік есепке алынып, сауықтырылыпты. Жалпы скринингтік тексерулерден 53 893 адам өткен болса, олардың ішінде ауруы анықталғандары 4453 (8,2 %), ал диспансерлік есепке алынғандар саны 1952 (43,8%), сауықтырылғандар саны 4355 (97,7%).
Бұл аудан бойынша аурушаңдықтың өскенін көрсетеді. Оның басты себебі – біріншіден, адамдардың салауатты өмір салтын ұстанбауы, ауру асқынғанда дәрігерге жүгінуі т.б. болса, екіншіден, өткізіліп жатқан жаппай скринингтік тексерулердің нәтижесі. Биылдан бастап, аудандық салауатты өмір салтын сақтау орталығы профилактикалық тексерулерді өз бақылауына алып, дәрігерлермен бірлесе жұмыс атқаратын болады дейді баяндамашы.
Сонымен қатар, бас дәрігер кадрлар мәселесі, олардың білімдерін жоғарылату, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, медицина нысандарының құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы, оның игерілуі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі, госпитализациялау бюросының жұмысы, азаматтар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жайында кеңінен баяндады.
Сондай-ақ өзекті мәселе бойынша аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры С.Бөлтірікова, орталық ауруханаға қарасты бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің меңгерушісі З.Құрбановалар жарыссөзге шығып, бағдарлама аясында өз салаларында атқарылып жатқан жұмыстар, олардың нәтижелері, алдағы уақыттың жоспарлары жайын сөз етті.
Мәжіліс төрағасы аудан әкімі М.Шүкеев және әкімдік мүшелері сала басшыларына сұрақтарын қойып, тиесілі жауаптарын алған соң, талқылауға түскен мәселе бойынша қаулы қабылданды.
Келесі кезекте мәжіліс қатысушылары функционалдық міндеттері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы Көптерек ауылдық округінің әкімі Б.Рысқұл мен аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Қойлыбаевтардың есебін тыңдады. Жасалған баяндамалар бойынша сұрақтар мен қатар сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылып, тапсырмалар жүктелді.
Мәжілісте бұдан басқа да оның күн тәртібіне шығарылған бірқатар мәселелер қаралып, әрбірі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Алқалы жиынды аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы қорытып, сөз сөйледі.

 

Обновлено 07.04.2014 16:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін160
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11412
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда28042
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279711

Серіктестер