Онлайн газет



Батыр ерлігі - ұрпаққа үлгі

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

2011 жылдың 11 қарашасы  тарих беттеріне ерекше із қалдырды. Бұл күн бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде әсіресе Тараз тұрғындары есінде мәңгі сақталары анық. Өйткені дәл осы күні облысымызда ойламаған жерден оқыс оқиға орын алып, жат пиғылды жауыздың қолынан жеті азамат қаза тапты. Оқыс оқиғада жарылғыш затты ашпаққа әрекеттенген Мақсат Кариевті кеудесімен жапқан Ғазиз Байтасовтың ерен еңбегі

болмағанда, кім біледі, қандықол қарақшының қолынан қаза болғандардың саны мұнан да көбірек болар ма еді?!...

Қысқаша ақпарат
Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде туылған. Алғаш мектеп табалдырығын Жуалы ауданында аттап, оқуын Байзақ ауданындағы Түймекент ауылында бітіріп шығады. Қарағанды политехникалық институтында, мұнан кейін Қаратау техникалық колледжінің сырттай бөлімін тәмәмдайды. Осыдан соң, ол әл-Фараби атындағы  қазақ ұлттық  университетіне заңгер мамандығы бойынша түсіп, оны 2002 жылы аяқтап шығады. 1992 жылы еңбек жолын жол полиция инспекторлығынан бастаған Ғазиз Әбдібекұлы 1997 жылы жары Гүлжамалмен отау құрады. Полиция капитаны Ғ.Байтасов Тараз қаласында болған терактілік оқиғада, лаңкес қылмыскерді ұстау барысында ерлікпен қаза тапты.

... Иә, сол сәттегі Ғазиздің батыл қадамы баршаға үлкен үлгі екендігі рас. Бүгінде біз ел болып ер ұлымызды ескерусіз қалдырмауға тырысып–бағудамыз. Елбасының өзі бас болып Ғ.Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағын берсе, ол қызмет атқарған орта – облысымызда, өскен жері - Байзақ өлкесінде де біршама игі істер атқарылды. Солардың ізін жалғай Ғ.Байтасов білім алған Түймекент орта мектебінің жоғары сыныптарында 3-4 сәуір күндері «Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран», «Ерлігі ұлықталды», «Ер есімі ел есінде», «Ерді ер ететін ерлік» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, онда мектеп оқушылары ерлік тақырыбын кеңінен сөз етті. Бұл күндері сонымен қатар, мектеп ауласында сенбіліктер ұйымдастырылып, батыр ұлдың құрметіне ағаштар отырғызылды.
Ал, кеше аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Батырлар аллеясында» Ғ.Байтасовқа орнатылған мемориалдық тақта алдында  Халық Қаһарманының туылған күні ұлықталды.
Мұнда сөз сөйлеген аудан әкімі М.Шүкеев тарихтан белгілі баһадүр батырлардың арқасында бақытты ғұмыр кешіп жатқанымызды айтып, оларды ұлық тұту - ұлы парызымыз дей отырып, 2011 жылдың қарашасындағы елімізді дүр сілкіндірген дүрбелеңде ел тағдыры өз тағдырым деп басын бәйгеге тіккен  жерлесіміз Ғ.Байтасовтың ерлігі өлшеусіз екендігін ауызға алса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Ү.Қалиевтер батыр ұлдың батылдығы кейінгі ұрпаққа өнеге екендігін тілге тиек етті. Елде тыныштық, бейбітшілік орнауына тілектестіктерін білдірді. Жиылғандар бір минут үнсіздікпен Ғ.Байтасовты еске алып, «Байзақ баба» мешітінің азаншысы А.Көшербаев марқұмның аруағына құран бағыштады. Шара соңында аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы мен ақсақалдар бастаған бір топ мекеме басшылары және тұрғындар батыр рухына тағзым етіп, оның бейнесі бейнеленген тақта маңына гүл шоқтарын қойды.
Ертең сондай-ақ,  Түймекент ауылында Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алуға арналып, волейболдан облыстық турнир өткізілмекші.

 

Обновлено 07.04.2014 16:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін69
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11321
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27951
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279620

Серіктестер