Онлайн газет



Салауатты өмір-денсаулық кепілі

“Әрбір қазақстандық саламатты өмір салтынсыз, тамақты тарта ішпейінше, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүруі

мүмкін емес. Бұл - өмірдің ащы шындығы. Егер біз Қазақстандағы орташа өмір жасы Еуропадағыдай болғанын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойлануға тиіспіз» деп Елбасымыз айтқандай,  бүгінгі таңда қалың бұқараның спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған.
Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 68 жасты құрайды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында бұл көрсеткішті 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін жеткізу көзделген. Деректерге сүйенсек, ұлттық, санақ кезінде елімізде ғасырдан аса өмір сүрген 741 адам тіркелген екен. Ал, біздің ауданда сондай үш қария бар. Меніңше, бұл – ауыл тұрғындарының сергектікке мән беріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай алуының көрінісі.
Көпшілікті жаман әдеттерден сақтандырып, әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алуға шақыру бағытында аудандық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұмыс істеуде. Бұл орталық Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетеді. Ол негізінен былай жіктеледі: тұрмыстық медициналық, психологиялық, экономикалық, еңбек, мәдени және құқықтық әлеуметтік көмектер.
Орталықты 2006 жылдан бері Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық университеттің түлегі, денсаулық сақтау жұмысының ұйымдастырушы маманы Сәуле Бөлтірікова басқарып келеді. Оның қызметкерлері ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау және жақсарту бағытында «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген қағиданы сақтауға шақыруда. Президент Жарлығымен бекітілген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында саламаттылықты насихаттаушы мамандар аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссиямен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдік пен темекі бұйымдарын сатуды бақылау үшін 9 мектепте рейдтік тексеру жүргізді. Сонымен қатар, олар аудан тұрғындарына қажетті кеңестер көрсетілген ақпараттық – оқыту құралдарын таратты. Жұқпалы тұмау ауруы белең алатын күз мезгілінде саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы аудан көлемінде «Тұмау және басқа да жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу» атты айлық, сондай-ақ, «Онкологиялық аурулармен күрес» онкүндігі өткізіліп тұрады.
«Әрбір қазақстандық үшін басты құндылық - өзінің денсаулығы» деді Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде. Аурудың алдын алу – қауіп-қатерден сақтану. Міне, сол үшін саламатты өмір салтын ұстану керек.

Е.Серікбайұлы,
еңбек ардагері.


 

Обновлено 29.08.2012 16:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін308
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада6977
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36580
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243966

Серіктестер