Онлайн газет



Донор қаны - өмір нәрі

Н.Дәрменқызы.
Сарыкемер ауылы.

«Нұр Отан» партиясы мен қан орталығының ұйымдастыруымен  ауданда арнайы «Донор күні» атты акция өтті. «Қан тапсырыңыз -өмірге үміт сыйлаңыз» ұранын ұстанған тұрғындар мен мекеме қызметкерлері  қан тапсырды. Қан тапсырудың адам денсаулығына пайдалы жақтары жан-жақты түсіндірілді. Қан тапсырған адамның біріншіден қан жасаушалары жаңарады, екіншіден ағзасы тазарады. Ал ең бастысы әрі маңыздысы сіздің қаныңызға мұқтаж жанның өмірін аман сақтап қалуға үлес қосасыз.
Қанды кез келген адамнан ала салмайды. Қан тапсыруға келген азаматтың ең алдымен, қаны қай топқа жататыны және жарамдылығы анықталады. Арнайы парақша толтырып арнайы жүйеге донор ақпарат енгізіледі. Содан кейін ғана рұқсат етіледі.
«Осы үш күн аралығында 300 адам 120 литр қан тапсырды. Әр адамнан 400 грамм қаннан алынды. Дені сау адам айына екі рет қан тапсырып тұруына болады», - дейді қан орталығының жауапты дәрігері Бауыржан Өтепов.
Бүгінгі таңда ауданымызда  ерікті түрде  қан тапсырып,  игілікті іске өздерінің үлестерін қосып жатқандар аз емес. Сондықтан, қан орталығында жылжымалы кешен жұмыс істейді. Қажетті жабдықтармен  жарақталған топ Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебіне келіп, қан беремін деген азаматтарды қабылдады. Қан тапсыруда аудандық білім беру  және денсаулық сақтау бөлімінің мамандары белсенділік танытуда.

Обновлено 07.04.2014 15:43
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1946
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1946
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36229
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196710

Серіктестер