Онлайн газет



Өсімдік зиянкесі - Фитономус

Б.Мәдешов,
ҚР АШМ АӨК МИК Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау жөніндегі инспекторы.

Жоңышқа  жапырағының  бізтұмсығы  немесе  фитономус-қатты қанаттылар  отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына  жататын  бірінші орылатын  жоңышқа  егісінің  негізгі  зиянкесі.
Фитономус жылына бір генерация беріп  дамитын бас түтігі  едәуір  ұзын, алдыңғы  арқа бөлімінің  ұзындығына тең сарғылт-сұр немесе сұр түсті қоңыз. Алдыңғы арқасында ақ сызықшасымен екіге бөлінген қара қоңыр түсті жолақ бар.Үстіңгі қанаттарының ортасында ұзын баспалдақты қара-қоңыр түсті таңба орналасқан. Жұмыртқалары  сопақша жылтыр  сарғылт  түсті, жоғарғы жастағы қоңыздар  ұзындығы 10 мм-ге жетеді, жалпы түсі сарғылт- жасыл, басы  қара  қоңыр, арқасында ақ жолағы бар, аяқтары болмайды, аяқ сегменттерінің бүйір жақтарында орналасқан емшек тәрізді бұдырмақтарының көмегімен қозғалады.     
Қоңыздар жоңышқа егістігінде топырақтың ең үстіңгі қабатында немесе оның айналасындағы өсімдіктердің тамырға таяу түбінде қыстап, көктемде ауаның температурасы 120С болғанда шыға бастайды.Олар өсіп келе жатқан жоңышқаның жапырағымен қоректеніп, көп  кешікпей-ақ өсіп-өніп көбеюге кіріседі. Ұрғашы қоңыз жоңышқаның сабағын кеміріп 10-12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да жұмыртқаларын 10-30-ға дейін топтап, сонда орналастырады. Фитономустың өсімталдығы өте жоғары, әрбір ұрғашы қоңыз 360-2500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан  балаңқұрттар  сабақтың  ұшына  қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді. Екі рет түлеген соң  олар төбе бүршіктен шығып, ашық түрде қоректенуге кіріседі жапырақтың жұмсақ тканін түгелдей жеп, жүйкелерін ғана қалдырады.  Дамуы аяқталып қоректенуін тоқтатқан  қоңыздар (IV жаста) жапырақ  бетінде  піллә  жасап, соның ішінде қуыршаққа айналады. Жаңа генерацияның жас қоңыздары жаздың бас кезінде біраз уақыт жоңышқаның жапырақтарымен қоректенеді. Одан соң  ыстық  кезең  басталысымен  олар топырақтың үстіңгі қабатына еніп, жазғы ұйқыға кетеді. Ал қысқы ұйқыға кетер алдында қоңыздар жер бетіне қайта көтеріліп, біраз уақыт қоректенеді.      
Фитономус негізінен екінші және үшінші жылғы жоңышқалықтың бірінші орымын зақымдайды.
Күресу жолдары:  ерте көктемде өткен жылдары егілген жоңышқалық алқаптарды тырмалап, өсімдік өскенге дейін «Каратэ 0,50 к.э.» шығын мөлшері 0,15 л/га,екінші рет химиялық күрес зиянкестердің комплексіне қарсы фитономустың балаңқұрттары жаппай ашық қоректенуге шыққан кезде, яғни, өсімдіктің биіктігі 10-12 см-ге жеткен кезде жоңышқаның гүлдену фазасы басталмай тұрғанда «Децис 2,5%» к.э. шығын мөлшері 1.0 л/га, «Циткор 25%» к.э. шығын мөлшері 0,24 л/га, «Шерпа 25%» к.э. шығын мөлшері 0,24 л/га препараттарының бірімен бүрку әдісімен шашу керек.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін59
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11311
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27941
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279610

Серіктестер