Онлайн газет



Күлкі күніне арналды

Аудандық әл-Фараби атындағы  мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Күлкі күніне орай Дихан ауылдық мәдениет үйінде «Күлеміз...?» атты әзіл-сықақ орындаушыларының аудандық байқауы өтті.Сатиралық жанрды дамытып, сахна өнеріне бейім өнерпаздарды  көптеп тарту, сонымен қатар,  жастар арасында сатиралық жанрдың

кең таралуына ықпал етумен бірге аудан көлемінде әзіл –оспақ отаулары мен  үйірмелерді  қалыптастыру және олардың орындаушылық, сахналық шеберліктерін шыңдауды мақсат тұтқан шараға 11 елдімекеннен 16 жастан жоғары әзіл-сықақ орындаушылары қатысты.
Байқауды аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ө.Нұрбаев ашып,  талапкерлерге   сәттілік тіледі. Өнер сайысына қатысушылар алдымен белгілі сықақшылар  Ш.Смаханұлының, О.Әубәкіровтің және  К.Әмірбектің шығармаларынан немесе «Бауыржан-шоу», «Тамаша», «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент-шоу», «Базар жоқ» секілді театрлардың репертуарларынан бір қойылым, екінші кезеңде  танымал әртістерге, әншілерге, кинофильм эпизодтарына, теледидар бағдарламаларынан бір пародия көрсетті. Әсіресе Аймантөбе ауылының өнерлі жастарының көрсеткен «Немерем Анарбай» атты әзіл көрінісі мен  әншілер Ұ.Жолдасовқа, М.Жүнісоваға және Р.Рымбаеваға жасаған пародиялары  шынайылығымен айшықталды. Түймекенттік өнерпаздардың «Шаншар» театры репертуарынан «Қошан» көрінісі мен түріктің «Дениз» телесериалынан көрсеткен қойылымдары да көңілден шықты.  Тегістік ауылының намысын қорғаған жігіттер «Нысана» театрының репертуарынан «Саябақта болған оқиға» мен «Сексендегі кемпірдің әңгімесі» атты көріністері, Көктал ауылы өнерпаздарының сықақшы Е.Сейдахметовтың «Ескерткіш» және «Кірпіш» көріністері, дихандық өнерпаздарының  пародиялық көріністері көрермендерге күлкі сыйлай білді.
Бұл сайыста жарасымды әзіл-қалжыңдарымен залда отырған көрермендерге күлкі сыйлай білген Түймекент ауылының  әзілкештері бірінші орынды жеңіп алды.  Аймантөбеліктер екінші, Дихан ауылының өнерлі жастары үшінші орынды иеленді. «Көрермендер көзайымы» жүлдесіне Тегістік және Көктал ауылының намысын қорғаған өнерпаздар лайық деп танылды.
Талабы таудай талантты жастардың мықтыларын анықтаған байқауға Абай, Ынтымақ, Амангелді, Кеңес, Суханбай ауылдарынан бірде-бір өнерпаз қатыспады. Бұған аталмыш ауылдардағы мәдениет қызметкерлерінің өнерлі жастар «жоқ» деген сылтауы көңілімізді құлазытқаны жасырын емес.
Жалпы Күлкі күніне арналған  сайысқа қатысқан барлық өнерлі жастарға Грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 02.04.2014 11:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1014
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6014
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35617
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243003

Серіктестер