Онлайн газет



БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Суханбаев ауылдық округі.
Оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету және аз қамтылған отбасы балаларына материалдық жағынан жәрдем көрсетуге бағытталған

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы тамыз айының 1-і мен  қыркүйек айының 30-ы аралығын қамтып отыр. Мәрттік пен жомарттықты әспеттеген шара Суханбаев ауылдық округінде де өтіп, оған   Жақаш, Қарасу, Көкөзек ауылдарындағы мектеп ұжымдары, кәсіпкерлер, ауыл имамдары және жекелеген азаматтар қатысып,  балғындарға шынайы ықыластарын білдірді.
Ауылдық клубта өткен қайырымдылық акциясында  ауылдық округ  әкімі М. Өзбеков  және ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә. Қосыбаевтар сөз сөйлеп,  жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасы   өрендерін қолдап, оларға қуаныш сыйлаудың өзі сауапты іс екендігін айта келе,  жиналғандарды  жаңа оқу жылымен құттықтады. Сөйтіп, аталған топтағы отбасылардың балаларына (барлығы 30 бала) су жаңа сөмкелер мен оқу құралдары салынған қапшықтарды салтанатты жағдайда табыс етті. Акцияға   белсене қатысқан ардагерлер  С.  Елешов, А. Биторсықова, К. Әкімбаев,   А. Әлішева, Қ. Әбдібекова, Р. Кісенбаева, Ж. Боранқызы, Б. Сқақова, Қ. Өмірбаева, сондай-ақ  “Қосы батыр”,  “Жантай ата”  және “Суханбаев” мешіттерінің имамдары Ж. Мәдібеков,   Н. Әбдірәсілов, Б. Скендеровке,  Қарасу, Т. Ақбозов, Суханбаев атындағы мектептер мен округтегі балабақша ұжымдарының басшыларына да алғыс айтылды.
*                *               *
Қызыл жұлдыз ауылдық округі. Ағымдағы жылғы «Мектепке жол» акциясы «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен өтіп жатқаны белгілі. Жақында  Қызыл жұлдыз ауылында аталмыш акция өткізілді. Акцияда  Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі Ө. Нұрбаев, мектеп директоры А. Сейдалиева сөз сөйлеп, білім ошағының ішінде «Шапағат» қоры құрылғандығын,  ауылдың жомарт, жанашыр азаматтары Самат Қабылбеков, Жеңіс Нұрбаев, ауылдық округ әкімшілігінің аппараты, дәрігерлік амбулатория, мектеп ұжымдары және «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ-ның Байзақ аудандық бөлімшесінің бастығы, аудандық мәслихаттың депутаты Ш.  Әшімовтың  демеушілігімен қамқоршылықтағы,  көпбалалы, аз қамтылған отбасының он бес оқушысына мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешектер алынып берілді.
*                 *                    *
Ботамойнақ ауылдық округі. Осындай қайырымдылық шарасы Ботамойнақ ауылдық округінде де болып өтті. Ауылдың белді азаматтары бірлесіп әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 51 мектеп оқушысына мектеп формаларын, спорттық киім, аяқ киім және оқу құралдары мен сөмкелер алып берді. “Данияр”, “Яков”, “Қайрат” шаруа қожалықтары, Қ.Абдыхалықов. Ө.Шаянов сынды жеке тұлғалар және ауылдық әкімшілік тарапынан жасалынған қайырымдылық шарасынан қолдау тапқан балалардың қуанышында шек жоқ.
Аталмыш акция бұдан басқа да елдімекендерде дәстүрлі түрде өз жалғасын таппақ.  
Өз тілшіміз.              




 

Обновлено 29.08.2012 16:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін164
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9140
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27219
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234605

Серіктестер