Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС-БАСТЫ НАЗАРДА

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет пен қоғам алдында тұрған бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екендігі ешкімге де жасырын емес. Бұл жегі құртқа айналған дертпен еліміздің құқық қорғау салаларының арнайы бөлімдері, «Нұр Отан» партиясы, сан түрлі қоғамдық ұйымдар, белсенді жанкүйер азаматтар күрес жүргізіп келеді. Жемқорлық әрекеттерді болдырмау, оның алдын-алу мақсатында елімізде, ТМД ішінде

біріншілер қатарында, тиісті заң қабылдағаны, оған заман талабына сай қажетті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгендігі, кең бұқара, мемлекеттік және азаматтық т.б. санаттағы қызметкерлер арасында жүргізіліп келе жатқан түсіндіру, насихат жұмыстары сынды басқа да көптеген шараларға қарамастан, қол жеткізілген жетістіктер, өкінішке орай, көңіл көншітерлік жағдайда емес.
Мысалға, қолда бар статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, 2012 жылғы мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендерге және жеке тұлғаларға қарсы 177 қылмыстық іс қозғалған болса, 2013 жылы жоғарыда аты аталған түрлі санаттағы 284 қызметкерге қылмыстық іс қозғалған немесе бұл көрсеткіш 60,4 пайызға өскен деген сөз.
Жуырда аудан әкімдігінің мәжілістер залында ауданда 2013 жылы ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның орындалу барысы сарапқа салынған аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті.
Мәжіліс қатысушылары алдымен күн тәртібіндегі мәселеге қатысты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы Б.Ақбаевтың баяндамасын тыңдады.
Онда бұл әлеуметтік құбылыспен күрестің мемлекет болашағы үшін маңыздылығы, ауданда 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралары, аудан тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында жергілікті басылым бетінде жарық көрген мақалалар, көрнекі ақпарат құралдары, өткізілген дөңгелек үстелдер, кездесулер, «электрондық үкімет» бағдарламасының іске асырылу деңгейі және бұл мақсатқа 2013-2014 жылдарға бөлінген қаржы, оның игерілуі, әкімшілік реформалардың жүзеге асырылуы сынды көптеген мәселелер кеңінен әңгіме болды.
Сөз барысында Бақтияр Мұратұлы бұл бағытта атқарылып жатқан қылмыстың алдын  алу мақсатындағы шараларға қарамастан, қолданыстағы заң талаптарын бұзу фактілерінің орын алып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, өткен 2013 жылы мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті 4 қызметкер және оған теңестірілген 1 қызметкер аталмыш заң талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілігіне тартылған.
Сондай-ақ сөз соңында баяндамашы үстіміздегі наурыз айында орын алған келеңсіз жағдай туралы мәлімдеді. Нақтылай түскенде, аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебі» КММ-нің директоры Н.Алимбаев пара алу үстінде ұсталып, оған ҚР ҚК 311-бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.
Негізгі баяндамашыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған соң, мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің бастығы З.Дүзенова, Бурыл ауылдық округінің әкімі Е.Әліқұловтар сөзге шығып, өз салаларында, ауыл аймақтарында бұл бағытта атқарылып жатқан мәселелер жайын сөз етіп, ой-пікір бөлісті.
Күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығын ескерген аталмыш комиссия төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев  жиын қатысушыларын заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге, тек қана заң аясында өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға шақырып, алқалы комиссия мәжілісінің жұмысын қорытты.
Алқалы жиынға штаб мүшелері, аудандық құқық қорғау саласының басшылары, мекеме, ұжым, бөлім басшылары, ауыл әкімдері қа-тысты.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 31.03.2014 15:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1632
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4933
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34536
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241922

Серіктестер