Онлайн газет



«Нұр Отан» - нақты істер партиясы

С.Қалмұратов,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшесі.

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі ең ірі, жетекші саяси партия саналады. 1999 жылы негізі қаланған партия өз құрамына миллиондаған қазақстандықтарды жинап, еліміздің негізгі саяси күшіне айналды. Расында да, партия өз қызметін бастаған жылдардан бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды.
«Нұр Отан» – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. «Нұр Отан» - дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналды. Қазақстанның қазіргі заманғы барлық табыстары мен жетістіктері елдің басты партиясы мен оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін зор сеніммен айтуға болады. Партияның қол жеткізген жетістіктері Елбасымыз, Партия көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шабыттандырушы реформаларының идеяларымен тікелей байланысты.
Елбасының жетекшілігімен Қазақстан халқы игілікті қоғамды және динамикалық түрде дамып жатқан экономикасы бар демократиялық мемлекетті құрды.
Бүгінде Қазақстан қоғам өмірінің барлық жағын терең, әрі сапалы өзгерістерге жетелейтін маңызды тарихи кезеңде тұр. Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады.
Осы Жолдауда Елбасымыз әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың нақты Концепциясын ұсынды. Бұл – XXI ғасырда сәттілікке жетудің Стратегиясы. Бізді бір ел және бір тағдыр біріктіреді. Біз, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» атты Ұлттық Идеямыздың төңірігінде біріккен, бірілігіміз және татулығымызбен мықтымыз. Бұл – Қазақстан халқының көпғасырлық арманының жүзеге асуы.
«Нұр Отан» партиясы шынайы істері арқылы өзінің мемлекет мүддесі мен халық мүддесі және Қазақстан халқының бірлігін нығайту үшін жұмыс істейтінін дәлелдеді. Біздің партиямыздың жаңа саяси Доктринасы осыған бағытталған. Доктрина тәуелсіздігімізді алғаннан бері қалыптасқан негізгі құндылықтарымыз бен Қазақстан қоғамының басты ұстанымы болып есептелетін – Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, әділеттік, ынтымақтастық, келешекке деген ұмтылыс, отбасы және дәстүрді нығайту үшін бағытталған.
Доктрина тұрақтылық пен дамуды және қоғамның тұрақты түрде шығармашылық жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол, өзіміздің тарихымыз, мәдениетіміз бен руханиятымыз негізінде халықтың сәттілігін, Қазақстанды сақтап қалып, оның жаңаруын қамтасыз ету үшін жасалған.
Доктринада партияның рөлі Елбасының Қазақстанды жаңарту Стратегиясын қолдайтын және әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды қамтамасыз ететін шоғырландырушы қоғам ретінде айқындалған.
Біз жаңару реформалары жолында көптеген жетістіктерге жеттік. Елімізде ішкі жалпы өнім  тұрақты түрде өсуде, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндіру деңгейі өсуде, сонымен қатар басқа да экономика секторлары дамуда. Энергетикалық және транспорттық инфрақұрылымның дамуы, инвестиция көлемінің артуы, дамытушы институттардың құрылуы байқалуда. Кәсіпкерлік тұрақты даму үстінде, шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны артуда, салық заңнамасы кемелденуде. Жылдан жылға денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландыру көлемі артуда, әлеуметтік маңызы бар жаңа объектілер тұрғызылуда, қоғамның әлеуметтік-осал топтарын қолдаудың саясаты дәйекті түрде жүргізілуде.
Мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігі барынша артуда. Жергілікті билікті сайлау, мемлекеттік органдардың есеп берушілігі мен транспаренттілігін (ақпараттық ашықтылығын) арттыру, қоғамдық бақылау механизмдерін күшейту қоғам мен билік қарым-қатынасының тиімділігін түбегейлі арттырды.
Әкімшілік қысым жасаудың азаюы, жемқорлыққа қарсы күрестің нығаюы, жергілікті өзін-өзі басқару рөлінің артуы, мемлекеттік қызметтер сапасының жақсаруы байқалуда.
Азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар белсенді дамуда, партиялық диалог нығаюда, этносаралық татулық жүйесі кемелденуде, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен этно-мәдени бірлестіктердің рөлі нығаюда.
«Стратегия –күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау» - деп Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткені белгілі.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында бүгінде біздің жас мемлекетіміздің, әлемнің ең дамыған елдердің қатарына қосылуға зор мүмкіндігі бар. Жаңа Жолдаудағы барлық тапсырмалар шындыққа негізделген. Сондықтанда да оларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Ал, Қазақстанның бүгінгі таңға жеткен жетістіктері мен жинаған оң тәжірибесі алға ұмтылуға берік негіз болып табылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін759
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9735
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27814
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2235200

Серіктестер