Онлайн газет



Темекі түтінінің адам өміріне зияны

Мэлс қажы Халбайұлы,
еңбек ардагері.

Қазіргі кезде ел арасында  темекі жөнінде түрлі көзқарастар аз айтылып жүрген жоқ. Мұсылман бауырларымыз «темекі харам» немесе «харамға жақын махрух» деген түсінікте болса, енді бірі темекі харам емес, оны шегу мубах (ерікті амал), ол үшін адам күнәкәр болмайды деген көзқараста. Сол себепті мен өз мақаламды осы бір көкейкесті тақырыпқа арнамақшымын.
Темекі – темекі өсімдігінің кептірілген жапырағынан жасалатындығы белгілі. Мамандар зерттеулері бойынша темекі түтінінде 4000-нан асатын химиялық зат барлығы және оның адам денсаулығына зиянды екендігі анықталды. Анығырақ айтсақ, никотин – емдеу мақсатында қолданылмайды, керісінше ол-у. Зерттеулер дәлелдегендей 100-120 милиграмм никотин бір мәрте тамырына құйылған адам бірден өледі. Ал, мұндай мөлшердегі никотин екі қорап темекінің құрамында болады екен.  Осындайда күніне екі қорап темекі шегетін адамдар неге тез уланып, өлмейді? - деген сұрақ туындайды. Іс жүзінде темекі шегетіндер баяу уланады. Себебі, темекіні отқа жағып қолданғандықтан ондағы никотин ауаға тарап, белгілі бір бөлігі ғана денеге енеді екен. Сонымен қатар, шегілген бір тал темекідегі никотин бүйрек үстіндегі бездерден адреналин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуына себепші болады. Осының ықпалымен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Уақыт өте келе үнемі темекі тартатындарда асқазан гастриті (асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.
Темекі түтінінің құрамындағы төрт мыңнан  астам зиянды заттардың біреуі – көміртегі тотығы (СО).  Бұл – автокөліктерден бөлініп шығатын улы газдың бір түрі. Темекімен бірге мұның белгілі мөлшері денеге енеді.  Қандағы қан түйіршіктерінің дене жасушаларына ауа жеткізетіні бізге мәлім. Бір ортаға әрі ауа, әрі көміртегі тотығы бірге кірсе, көміртегі тотығы ауадан ең кемінде 100 есе құштарлықпен қан түйіршектеріне жабысып, оларды ортадан алыстатады. Темекі тартқандардың қан түйіршектерінің 5-8 пайызы көміртегі тотығының қысымында қалады да, олар ауа жеткізе алмай шеттеп қалады. Сол себепті темекі тартушы, темекі тартпаған адамнан әлдеқайда әлсіз болады.
Темекінің зиянына  еркектерден гөрі әйелдер тезірек ұшырайды. Аяғы ауыр аналардың темекі тартуы босанарда көптеген келеңсіздіктерге душар еткізіп, олардан арық, нәзік, сырқат, тіпті өлі нәресте тууы мүмкін. Мәселен, 17 мың балаға зерттеу жүргізілгенде, олардың ішінде темекі құмар шешелерінің  нәрестесіне әсерлері байқалған.  Нәтижесі шынында да жантүршігерлік. Жүктіліктің төртінші айынан бастап, күніне он тал темекі тартқан аналарда босану мезгілінде өлім мөлшері 30 пайызға артқан. Әрі темекі шегетін анадан туған сәбидің салмағы қалыпты жағдайдан төмен болған. Мұндай аналардың түсік тастау және өлі бала туу жағдайлары өте жоғары екені байқалған.
Темекі сонымен қатар, есте сақтау қабілетін нашарлатып, көңілсіздікке душар етеді, ұйқыны азайтып, теріде әжім пайда болады.
Темекінің көп жерлерде алапат өрттің шығуына себепші екенін де бір сәт ұмытуға болмайды.Айта берсек темекінің мыңнан аса зияны бар шығар, соның ішінде адам денсаулығына залалы аса қомақты. Темекі қорабының сыртына «Шылым шегу Сіздің денсаулығыңызға өте зиян, темекі шекпейтіндердің өмірі ұзақ болады» деп әлем дәрігерлері бекерден-бекер ескертпе жаздыртып отырған жоқ. Ақыл-есі дұрыс адамға бұдан артық келелі кеңес, әрі қатаң ескерту бола қоймас.
Жалпы темекі адам баласының тұрмысына да өз зиянын тигізеді. Өйткені темекіге жұмсалған ақша желге ұшқанмен бірдей. Бір сөзбен айтқанда бұл бір ысырапшылдық. Ұлы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Жеңдер, ішіңдер, ысырап етпеңдер. Күдіксіз Аллаһ ысырап етушілерді сүймейді» («Ағраф» сүресі. 31-аят), ал бір жерінде «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» («Бақара» сүресі, 195-аят) - деген. Темекіні ашық түрде шектеген аят, хадис болмағанымен,  темекіден болатын зардаптардың Исламға қайшы және оның харам екенін дәлелдейтін осындай аят, хадистер жеткілікті. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні темекі шегу мұсылманға лайық емес.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1068
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2811
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20890
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228276

Серіктестер