Онлайн газет



Екі «Теорема» (фельетон)

Айтқұл Мамытқұл,
ақын-драматург, Байзақ ауданының Құрметті азаматы.


Бізде мынандай нақыл бар,
Яғни:
«Қатынның атын – отын шығарады,
Еркектің даңқын – қатын шығарады».
Ендеше біз асықпайық,
Таза мүжіген асықтай қып
«Теореманың» бүге-шігесін анықтайық.


Мысалы:
Рыстың Мұшаны,
Отын жиды делік.
Арқалап тасыды,
Арбалап тасыды.
Дорбалап жиды,
Тіпті қорадағы қиды,
Оны да ортаға үйді.
Не керек, үй артына қи толды,
Тезектен тұрғызған үй болды.
Бұған ынтыққан,
Ары өткен де қарады,
Бері өткен де сұрады:
-Мұнда кім тұрады?
-Рыстың Мұшаны...
-Бәсе, қыздың жиған жүгіндей,
Дәл өзіне ұқсайды...
Сонымен «теореманың» салдары:
Ауылдың кемпір-шалдары,
Рыстың Мұшанын
«Қаттап жиған тезегін-ай» - деп
Аузынан тастамай жүрді.
«Қатын атын – отын шығарды» - деп,
Миығынан күлді.
Екінші «теорема» былай:
Сол Мұшанның Рысы
Дәлірек: берекесі-ырысы,
Айтсақ сөздің дұрысы –
Тік жүріп, тік тұрды,
Шашау шықпады бір ісінен бір ісі.
(Майда болды әдеттегі жүрісі).
Бір күні сол Рысты,
(Расын айтқан дұрысты).
Көңілін жықпай достардың,
Ептеп аузына алды «көк судан»,
(Талай рет аман қалған көп шудан).
Содан,
Одан, бұдан,
Есітіп әлгі Мұшан
(Дегенмен Мұшан иіс біледі).
Рыстың аузын бас салып иіскіледі.
Онымен қойған жоқ.
Әр сөздің басын шатып тиіскіледі.
Не керек, айқай-шу шықты,
Тапай талтүсте үй ішінен су шықты.
Моншасыз-ақ мұржасынан бу шықты.
Көрші-қолаң жиналған,
Былапыт сөзге тұншықты.
«Ел құлағы – елу» - деген
Өсек сөз өрбіп жүріп кетті.
«Рысты ішкіш» - дегенді
Лезде құлағына іліп кетті.
Ал, Рысты байғұс күйіп кетті...
Нокаутқа түскендей құлап-тұрды,
Көзі күлгенмен, өзегі өртеніп жылап тұрды.
Сөйтіп Мұшан бар бәлекетті
Рыстың басына үйіп кетті...
Көрдіңіз бе бұл әрекетті?
*                *                *
«Еркектің атын – қатын шығарды-ау» - деп
Көп көңіліне түйіп кетті.

 

Обновлено 31.03.2014 15:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін688
mod_vvisit_counterКеше1517
mod_vvisit_counterОсы аптада5731
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда23810
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2231196

Серіктестер