Онлайн газет



ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Ж. Жақсылықов,
ҚР АШМ ВБжҚК Байзақ аудандық аумақтық  инспекциясының бөлім басшысы.

Қазақстанның малдәрiгерлiк қызметi күрделi де ауыр кезеңдi бастан кешiргені белгілі. Салаға қатысты бiрнеше рет реформа қабылданды. Бүкiл ветеринарлық қызметтi нарықтық жүйеге көшiрудiң де пайдасы аз болды. Көптеген мамандар жұмыссыз қалған уақытта мемлекет осынау күрделi шаруаны қайта қолға алып, аяғына тұрғызу үшiн әрекет жасады. Ең бастысы, мал шаруашылығын өркендету бағытында ветеринарлық қызметтi жақсартудың орны бөлек, маңызы ерекше екенiн өмiрдiң өзi дәлелдеп отыр.
Бүгінгі таңда Байзақ ауданы бойынша 18 ауылдық округке біріккен  43 елді мекен бар болса, солардың ветеринариялық-санитариялық талаптары мен ережесіне сәйкес 18 ветеринариялық пункт ашылып, онда 75 ветеринар қызмет көрсетіп келеді. Ағымдағы жылы қосымша үш ветеринариялық пункт салу мәселесі бойынша үкімет тарапынан қаржы бөлініп, қажетті құжаттар дайындалды.  Қалған округтердегі бекет меңгерушілері қызмет жасап жатқан округтерінен 1 бөлмені жалға алып отыр. Ауданымыздағы 2014 жылғы жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін 19 автокөлік пен қажетті құрал-жабдықтар және тоңазытқыштармен қамтамасыз етілді.
Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында жүргізілетін жоспарлы ветеринариялық іс-шараларға биопрепараттар бөлініп, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Ауданымызда мал дәрігерлері жеткіліксіз, сол себептен жас мамандарды дайындау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізілуде. Көптеген мал дәрігерлік мамандығы бар азаматтар басқа салада жұмыс істейді. Әсіресе жастар, өйткені айлық жалақы төмен. Сол себептен айлық жалақыны көтеріп, жастарды жұмысқа ынталандыру керек. Сонымен қатар, өңірдегі бірқатар елдімекендерде мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, оған қажетті мамандар аттестатталды  және де керекті құрал-саймандар толығымен қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру өте тиімді. Біріншіден жұқпалы аурулардың алдын алу, екіншіден мал тұқымын асылдандыру. Ауданымыздағы асыл тұқымды шаруашылықта, мал тұқымын асылдандыру мәселесі өте жоғары деңгейде қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында автомашиналар, дәрі сақтайтын тоңазытқыштар, ауыл шаруашылық жануарларын егетін, зерттеуге қан алатын, түрлі оталар жасайтын, сырғалайтын тағы басқа құрал-жабдықтармен және арнайы киімдермен қамтамасыз етуде. Бұл әрине біз үшін де, мал ұстаған ағайын үшін де қуанарлық жағдай. Алдағы уақытта  ауданымызда жұқпалы ауруларды болдырмау, олардың алдын алу мақсатында   ветеринариялық станция мамандары өз міндеттерін сапалы атқара беретін болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін365
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6016
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1923
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253592

Серіктестер