Онлайн газет



«Арт - Міх» ауданымызда

А.Сәрсембиева,
аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйі  директорының орынбасары.

«Жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін қажет» - деп Елбасымыз айтқандай, соңғы екі - үш жылда облысымыздың мәдениет саласында ірі жобалар жүзеге асырылып, серпінді істер атқарылуда. Соның бірі  облыстық филармония қолға алған тәжірибелік семинар.  
Осы семинар негізінде филармония мамандары өнердің әр түрі бойынша ауылдағы

әріптестеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ауданымызда болып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, облысымызға танымал эстрада әншісі Мәдина Сағымбекова «Эстрадалық ән орындау шеберлігі» тақырыбында ауданымыздың өнерлі жастарына 3 күндік сабақ жүргізіп, ән орындауда ұстанатын басты ережелерді түсіндірсе, «Би жанры» бойынша Шымкент қаласынан арнайы шақыртылған кәсіби биші Ардақ Өмірбаева ауылдық клуб, білім беру мекемелеріндегі би үйірмесі жетекшілеріне би өнерінің сан түрлі қимылдары туралы лекциялық және практикалық сабақтар өткізді. Ал,  «Фольклорлық ансамбль жұмысын сауатты ұйымдастыру және партитураларды жазу тәртібі» тақырыбы бойынша облыстық филормонияның жетекші домбырашысы, ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі Жексен Нұржауов «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі мен «Фараби сазы» фольклорлық ансамблінің жұмыстарымен танысып, келелі кеңестерін берсе, «Театр өнері» бойынша облыстық драма театрдың бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі Камат Қасенов «Шахан» халықтық театрының әртістерінің өнерін бағалап, өзінің мол іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Сахна тілі және сахна мәдениеті» жанры бойынша облысымызға танымал концерт жүргізуші Мәлік Ақүрпеков мерекелік кештерді басқарып жүрген жүргізуші қыз – жігіттерге концерттерді жүргізудегі сөйлеу мәнері, дауыс ырғақтары, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы түсінік берді.
Қалай дегенде де, облыстық өнер майталмандары өткізген аталмыш семинардан аудан өнерпаздары өздеріне қажетті кеңестер алып,  кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

 

Обновлено 31.03.2014 15:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін843
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6494
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2401
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254070

Серіктестер