Онлайн газет



ЖАҒЫМДЫ КӨҢІЛ – КҮЙ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Жуырда аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында «Сіз қандай сурет салуды ұнатасыз?» әдісімен «Жағымды көңіл-күй» тақырыбында орталықтың педагог-психологы Гүлжан Айтенованың ұйымдастыруымен

«Бұлбұл үн» үйірмесінің орта буын оқушыларымен тренинг болып өтті.
Оқушыларға психологиялық тренингтер арқылы өздерінің ішкі әлеміне саяхат жасата отырып, өзін-өзі тануларына мүмкіндік жасау, белсенділіктерін арттыру, қарым-қатынаста сенімділіктерін ояту, «Қазір және осы жерде» принципі бойынша қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету мақсатында өткізілген тренинг барысында оған қатысушы оқушылар «Әдемі есім» жаттығуын орындады. Жаттығуда оқушылар өз есімдерін атап, есімдеріндегі бірінші әріпке байланысты анықтауыш сөздерді қосып аяқтады. «Соқыр теке» ойынында көздері байланған қатысушылар 15-20 адым қашықтықта орындыққа қойылған 10 заттың бесеуін өз орындығына тасып жарысса, «Әріптер әлемі» ойынында оқушыларға «Қазақстан» сөзі берілді. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып, көп сөз құраған оқушы жеңімпаз болып табылды. Сондай-ақ «Сіз қандай сурет салуды ұнатасыз?» әдісі бойынша оқушыларға талдың суретін салу ұсынылып, нәтижесіне талдау жасалды.
Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын дамыту үшін «Суреттерді аяқтайық», топ мүшелерін біріктіру арқылы жағымды ахуал құру мақсатында «Достық торы» жаттығулары орындалды.
Тренингтің қорытындылау кезеңінде түрлі эмоциядағы смайликтер ұсынылып, бейнероликтер көрсетілді, тілектер айтылды.

 

Обновлено 31.03.2014 15:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін849
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6500
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2407
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254076

Серіктестер