Онлайн газет



Электронды портал арқылы тіркеледі

А.Досымбеков,
Байзақ ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау статистик-бас маманы.

Қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды қабылдау, есепке алу, тіркеу, қарау жүйесін жетілдіру мақсатында Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басым бағыттар негізге алына отырып, 2010-2020 жылдарға арналған Республиканың құқықтық саясат тұжырымдамасында қойылған міндеттерге сәйкес және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында жоба әзірленді.
Жобаның мақсаттары мен міндеттері құқық қорғау органдарының өз қызметінде жаңа технологияларды қолдану; тіркеме арқылы өтініштерді есепке алудан жасыруды азайту; өтініш берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болатын.
Жоба жұмысының сызбасы төмендегідей  тұжырымдалады. Электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭСҚ) бар өтініш беруші нақты уақыт ішінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің (бұдан әрі Комитет) вебсайтында электрондық портал арқылы қылмыс немесе оқиға туралы өтініш беруге мүмкіндік алады. Жоба 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтініштер, хабарламалар, шағымдар және өзге де ақпараттар қылмыстық қудалау органдарынан қолдау таппай немесе есепке тіркемей, шешім қабылдау мерзімдері ұзарып, созбалаңға салынған жағдайларда аудандық прокуратураның 2-13-32 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.

Обновлено 31.03.2014 15:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін347
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5998
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1905
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253574

Серіктестер