Онлайн газет



Сот төрелігі үлкен жауапкершілікті жүктейді

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Аудандық соттан бастап Жоғарғы соттың судьялары бір оқу орнын бітіріп, құқық қорғау мамандығын алып шығатыны белгілі. Сонан соң өз қызмет орындарында тәжірибе жинап, заң талаптарын дұрыс қолдануда өз қабілеттігін көтеру үшін еңбектенеді. Ол үшін көптеген заңдарды,  нормативті актілерді, сот тәжірибесін күнделікті зерделеп, олар бойынша қорытынды жасайды. Судьяның өзіне тапсырылған істі заң тұрғысынан қарап, дұрыс әділетті шешім шығаруы үшін күнде тыным таппай еңбек етуі  қажет. Судьяның іс-әрекеттері мен міндеттері іс жүргізу кодекстерімен реттелінеді. Жалпы, сот әділ шешім шығарған кезде жеңіліс көрген екінші жақ келіспей реніш танытқанымен, іштей келіседі. Шындықты қалай анықтағанына таң қалады. Себебі, шындықты анықтау оңай емес, өйткені әр тарап өз мүдделерін қорғау мақсатында шындықтан кейде алыстап кетеді. Сондықтан судья екі жақтың да деректерін жан-жақты сараптап,  тексеріп, заң тұрғысынан баға беріп, шындықты анықтау үшін көп күш жұмсап, бар өнерін салады.
Судьялардың жұмысының тағы бір ерекшелігі ол қандай шешім немесе үкім шығарса да мемлекет атынан қабылданады. Бұл судьяға үлкен жауапкершілік жүктейді деген сөз. Сондықтан шығарылған әрбір шешімдер мен үкімдері заңды күшіне енгенге дейін үнемі назарында болады. Мұндай жауапты құжаттардың күніне, айына қаншасы қабылданатынын ескерсек, судья қандай психологиялық ауыртпалықты сезінеді десеңізші?! Осы жағдайларды ескеріп, республикалық судьялардың VІ съезінде “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңға судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейтуді және олардың әлеуметтік қорғалуын, соның ішінде зейнетақымен қамсыздандыруды, лайықты жалақымен қамтамасыз етуді, оларды қазіргі заманға сай материалдық техникалармен жарақтандыруды, сот төрелігін жүзеге асыру үшін жоғарғы стандартқа сай келетін типтік ғимараттар мен үй жайларға жоспарлы түрде орналастыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында мәселелер талқыланғаны белгілі.
Сондықтан, бұл жауапты да абыройлы қызметті әрбір судья үлкен жауапкершілікпен, ынтамен, ақыл-оймен және өмірлік тәжірибесімен, көрсетілген заң шеңберінде атқаруы қажет деп есептеймін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін729
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада729
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7241
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258910

Серіктестер