Онлайн газет



Биіктен көріне білді

Бүгінгі білім мен ғылым ғасырында шын дарындар ғана оза шабатыны белгілі. Солай демекші, жақында Ғ.Мұратбаев мектеп гимназиясының оқушылары үлкен жүлдемен оралды. Алматы қаласында өткен

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі және таланттар Академиясы оқу-кеңес орталығының ІІІ ғылыми-теориялық конференциясына қатысқан оқушылар жүлделі орындарды иемденіп, мектеп мерейін асқақтатты. Білім ошағының «Балауса» би тобы аталмыш жарыста «Бөрте биін» билеп, жүлделі І орынды қанжығасына байласа, 9 «а» сынып оқушысы Ә.Әміре ағылшын тілі пәні бойынша, 4-сынып оқушысы Б.Серікбай «Алма» тақырыбындағы жобасымен, ал осы сыныптағы А.Есмаханбет пен А.Абдуқахар көркемсөз оқудан және 5-сынып оқушысы Е.Радкулов «Өтірік өлең» номинациясы негізінде өзгелерден оқ бойы озық шығып, алдыңғы қатардан көрінді. Конференцияға «Қар туралы аңыз» атты ертегісін алып барған 3-сынып оқушысы Д.Есенқұлованың да еңбегі ерекше бағаланып, жүлделі екінші орын табысталды.
Жалпы, республикамыздың жер-жерлерінен барлығы 230-дай жастар қатысқан жарыста атылмыш білім ордасынан 14 бала бақтарын сынаса, соның барлығы да І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Ерекше айта кетерлігі, аталмыш шара барысында Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Мектепбаеваға «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі және таланттар Академиясы оқу-кеңес орталығы атынан «Жыл адамы» Дипломы берілді. Аталмыш орталықтың Жамбыл облысы бойынша жетекшісі ретінде жемісті жұмыс нәтижесін көрсетіп келе жатқан Ибагүл Мектепбаева бұған дейін «Алтын адам» Дипломының иегері атанған еді. Бұдан бөлек, дарынды оқушыларды дайындаған мектеп-гимназияның бір топ ұстаздары С.Нағашбаева, Г.Абсаматова, С.Сейтханова, Н.Алпысбаева, Р.Қадырбаева, Б.Кудериева, Б.Сәулебекова, А.Исакова, Р.Нұрмолдаевалар «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі және таланттар Академиясы оқу-кеңес орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Білікті басшы Г.Жаманова бастаған ұжымның мерейі осылайша үстем болып, біліктілік сайысынан биіктен көріне білді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 27.03.2014 10:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін663
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада663
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7175
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258844

Серіктестер