Онлайн газет



ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың қатысуымен «Amanat» партиясының Байзақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді.
Оған  аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысып отырды.
Партия аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева ашып, жүргізіп отырған отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Алдымен күн тәртібіне сәйкес, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Байзақ ауданы бойынша 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің орындалуы туралы аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлының хабарламасы тыңдалды.
Содан кейін «Amanat» партиясының аудан бойынша сайлауалды бағдарламасының автомобиль жолдарын салу және оны күрделі жөндеу, интернет жүйесін дамыту, құрылысы, инфрақұрылымды дамыту салаларына қатысты 2023 жылға арналған көрсеткіштерінің орындалуы барысы жөнінде аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Мадешев есеп берді.
Күн тәртібіне сәйкес,  депутаттық фракция мүшелері Алтынбек Жәмішжанов, Елнұрбек Ермеков, Гульсун Ешеева, Құралай Үкібаева «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқаны барысында түскен аманаттардың орындалу барысы туралы» фракция мүшелерінің депутаттық міндеттерінің атқарылуы жөнінде есептері тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша отырыс қатысушылары өз ұсыныстарын ортаға салды.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен талқыланып болған соң, оның әрбіріне қатысты шешім қабылданды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 17.11.2023 10:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін491
mod_vvisit_counterКеше1259
mod_vvisit_counterОсы аптада6058
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда4714
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2931729

Серіктестер