Онлайн газет



ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлттық валютамыз – теңге және қаржы саласы қызметкерлері мерекесіне орай,  аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков бір топ қаржыгерлерді арнайы құттықтады.
Жиынға аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдері, қазынашылық басқармасы мен банк қызметкерлері қатысты.
- Биыл Ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде әлемге белгілі валюта ретінде танылды. Жалпы валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болғаны баршамызға белгілі. Төл ақшамыз экономиканы басқаруға, экономикалық егемендікті қамтамасыз етуге және еліміздің шынайы тәуелсіздігі үшін басты құралға айналды. Ел тәуелсіздігін экономикалық тұрғыдан айшықтайтын нышан - теңге екені айдан анық.
1993 жылдың 15 қарашасынан теңге нарықтық қатынастарға тұрақтанған соң жаңа ұлттық экономиканың басты бір тетігі, дербес қаржы-несие саясатын, осы саладағы реформаларды жүзеге асырудың құралы болды. Қаржы саласының қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім-біліктіліктеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңе саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, - деді.
Шара аясында Дулат Бекбосынұлы бір топ қаржы саласының қызметкерлеріне, атап айтқанда, аудандық қазынашылық басқармасы қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман - бас қазынашысы Гаухар Баймахановаға «Байзақ ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалін табыс етті.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі қаржы бөлімі бюджеттік атқарылуы және коммуналдық меншік жөніндегі сектордың бас маманы Елмира Қасымова аудан әкімінің Грамотасымен, АО “Халық Банкінің” контролер - кассирі Калия Джакипова, аталған банктің менеджері Арман Аширов, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы Инабат Онласынова аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ жиында аудан әкімдігі қаржы бөлімінің статисті Жақсылық Садықовқа «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева Алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде қаржы саласының қызметкерлері өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын айтты.

Айдар Алдабергенов.

Обновлено 17.11.2023 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін836
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада7104
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15388
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942403

Серіктестер