Онлайн газет



ҰЛЫ ЕРЛІККЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ

Ел тағдырын өз тағдырынан бөліп қарамайтын, қиындық туғанда халық үшін басын бәйгеге тігетін асыл ерлердің ақ ісі ұлт тарихы беттерінде алтын әріппен жазылары сөзсіз.
Ауданымыздың түлегі, Жамбыл облыстық жол полициясы жеке құрамының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов - елін сүйген азамат екенін дәлелдеген тұлға. Ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтаудың озық үлгісін көрсеткен Ғазиздай жерлесімізді біз әрдайым мақтан тұтамыз.
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлік жасағанына 12 жыл толуына орай, «Батырлар аллеясы» алаңындағы батыр ескерткіші алдында еске алу шарасы болып өтті.
Шарада аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыдыралы Оралов сөз алып, Ғазиздің ерен ерлігі туралы ой қозғады. Туған елге адал болу, оған қалтқысыз қызмет жасаудың ерен үлгісін көрсеткен батырдың ерлігі өсіп келе жатқан жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіндігін айтты.
Шара қатысушылары хас батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым жасап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ерлігі ұрпаққа ұран болған Ғазиз Байтасовтың өмірі мен көзсіз ерлігіне арналған түрлі форматтағы іс-шаралар  барлық ауылдық округтер мен білім ошақтарында ұйымдастырылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 14.11.2023 12:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін837
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8077
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36184
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776354

Серіктестер