Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
ТЕҢГЕ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Қай елдің болмасын валютасы мемлекеттің тарихын тікелей баяндайды, саяси-экономикалық жағдайын және жаһандық дәрежесін сипаттайды.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі қазақ елінің аумағында алғашқы күміс монета XV ғасырда пайда болған екен. Отырар қаласында «таньга» деген атпен құйылған монета заманауи теңге атауының шығуына себепкер болды. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы- төл теңгеміздің тарихы 1993 жылдан бастау алады.
Теңгенің тағдырын айқын­да­ған ресми құжаттардың кейбіріне көз жүгіртетін болсақ, 1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент Жар­лығы шықты.
Бұл Жарлықта «...Қазақстан Республикасы ау­мағында 1993 жылғы 15 қарашада са­ғат 8:00-ден Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілсін; 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады» деп жазылған.
1992 жылы елімізде өз валютамызды шығару жолында батыл қадамдар қолға алынып, кешенді жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде  ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. Уақыт талабына сай, оның дизай­ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл­діріліп отырды.
Теңге-тәуелсіздігіміздің төл пер­зен­ті. Ол сонымен қатар Гимн, Ту, Елтаңба секілді басты атрибуттармен қатар жүретін егемендігіміздің бірден-бір нышаны. Осылайша 15 қараша-Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал теңге - ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Биыл Ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде ұлттық валютамыз Қазақстанның дербес қаржылық, эконо­микалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Тәуелсіздік жылдары ұлттық валютамыздың дизайны бірнеше рет өзгеріп, ерекше коллекциялық монеталар да шығарылды.
Қазіргі таңда елдің төл валютасы экономикалық саясаттың тәуелсіздігін, тұрақтылығын және бүкіл банк жүйесінің қорғанысын қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан төл ақшамызға деген сеніміміз жыл өткен сайын артып келе жатқандығын мақтанышпен айтуға болады.

Ниязхан Бейсенов,
еңбек ардагері.
Түймекент ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін404
mod_vvisit_counterКеше596
mod_vvisit_counterОсы аптада3048
mod_vvisit_counterӨткен аптада6945
mod_vvisit_counterОсы айда28968
mod_vvisit_counterӨткен айда30531
mod_vvisit_counterБәрі2104923

Серіктестер