Онлайн газет



Жаңа үлгідегі көлік табыс етілді

Кез-келген  кәсіп қоғам дамуына өзіндік үлес қосып отыратындығы ақиқат. Дегенмен  өзіндік мәнімен,  маңызымен, қоғамға қажеттілігімен ерекшеленетін  байланыс  жүйесінің  ең   негізгісі - пошта қызметі

десек қателеспейміз.  Алыста жүрген туысыңның  хатын немесе сүйікті басылымыңды,  қала бере қаржылық аударымдар, төлемдер қабылдап, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жеткізіп беру секілді қызметтерді абыроймен  атқарып келе жатқан “Қазпошта” акционерлік қоғамының облысымыздағы  филиалдарына Ұлыстың ұлы күні қарсаңында су жаңа  24   автокөліктің кілті табыс етілді.
Тараз қаласы және  Байзақ, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу аудандарының пошташыларына берілген  жаңа  үлгідегі көліктерді “Қазпошта” акционерлік  қоғамы өз қаржысына сатып алыпты.  “Лада-21214 “ (Нива) және “Уаз-3741” автокөліктеріне  ие болған “Қазпошта” АҚ-ның  Байзақ аудандық бөлімше ұжымының қуанышында шек болмады.  Өткен жылы  шығарылған  көліктердің ішіндегі “Уаз-3741” көлігі жылжымалы пошта қызметіне арналған фургон үлгісіндегі темір тұлпар екен. Көлік -жүргізуші, оператор және қызмет алушыға арналған үш бөліктен тұрады. Арнайы үстел, ыңғайлы орындық, спутниктік байланыс арқылы интернетке қосылатын ноутбук, сейф және кассалық аппаратпен жабдықталғандықтан  осы көлікпен пошташылар  тұрғындарға зейнетақы,  жалақы,  коммуналдық төлемдерді  таситын болады.  Екіншісі-“Лада-21214” (Нива) көлігі - күнделікті басылымдарды,  хат-хабарларды тасымалдауға өте ыңғайлы болып шықты.
Қазіргі уақыт жылдамдылықты, ыңғайлылықты, қолжетімділікті талап етеді. Аталмыш саланың заманауи көліктермен қамтылуы осындай талаптан туындаса керек-ті.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 27.03.2014 10:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін55
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1184
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7696
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259365

Серіктестер