Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАР АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодекстің" 120-бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы "Кедейшілік шегінің мөлшерін айқындау туралы" №160 бұйрығына сәйкес, кедейшілік шегі-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын, қазіргі таңда кедейшілік шегі-34286 теңгені құрайды. АӘК мөлшері кедейшілік шегі мен табысының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды. Яғни 34286 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет.
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодекстің" 120-бабының "Атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін Үлгілі, Дихан, Қостөбе, Қызыл жұлдыз ауылдық округтері бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы 71 отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің шарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үлгілі ауылдық округі бойынша 27 отбасындағы 168 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 26 отбасындағы 161 адамға шартты ақшалай көмек, 1 отбасындағы 7 адамға  шартсыз ақшалай көмек көрсетілді. Дихан ауылдық округі бойынша 18 отбасындағы 109 адамға,  Қостөбе ауылдық округі бойынша 5 отбасындағы 23 адамға, ал Қызыл жұлдыз ауылдық округі бойынша 21 отбасындағы 131 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.  Аз қамтылған азаматтарға тек қана атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен шектелмей, шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасындағы еңбекке қабілетті 19 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына, атап айтқанда 10 адам тұрақты жұмысқа, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
2023 жылға дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы құрамында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тауар (азық-түлік жиынтығы, гигиеналық құралдар) түрінде берілген болатын. Енді осы аталған кепілдендірілген әлеуметтік топтама 2023 жылдың қаңтар айынан бастап монетизацияландырылды, яғни ақшалай түрде тағайындалады.
Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 АЕК (5175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлем төленуде.

Айнура Избасова,
Байзақ ауданы бойынша "Мансап орталығы" филиалының ассистенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін373
mod_vvisit_counterКеше596
mod_vvisit_counterОсы аптада3017
mod_vvisit_counterӨткен аптада6945
mod_vvisit_counterОсы айда28937
mod_vvisit_counterӨткен айда30531
mod_vvisit_counterБәрі2104892

Серіктестер