Онлайн газет



«BAIZAQ CUP-2023»

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «BAIZAQ CUP-2023» атты шағын футболдан аудандық турнир өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды. 
Спорт – денсаулық кепілі, спорт-достықтың алтын көпірі. Жастар арасындағы ала доп аламанын ұйымдастырудағы мақсат-жастар арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және кеңінен насихаттауды көздеді.
Турнирдің бас төрешісі ойын тәртібін түсіндірген соң, он команда арасындағы тартысқа толы жарыс басталып та кетті. Аталған жарысқа әр аймақта өткізілген топтық кезеңде үздік деп танылған екі командадан және «Жасыл ел» жасағы мен аудандық пробация тізіміндегі жастардан құралған команда қатысқанын айта кеткен жөн.
Турнир нәтижесінде «Бәйтерек» командасы бірінші орыннан көрінсе, «Көктал» командасы екінші, ал пробация тізіміндегі жастардан құралған команда жүлделі үшінші орынды иеленді. 1, 2, 3 орын алған командалар дәрежеге сәйкес дипломдар, медаль, кубоктармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1470
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4526
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30219
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680435

Серіктестер