Осыдан 17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Аз ғана уақыт ішінде Конституцияның жеткізген жетістіктері көп. Осы жылдар ішінде халықтың қоғамдық белсенділіктері артты. 1995 жылы қабылданған
Ата Заңымыз алдыңғы Конституциядан көптеген айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Конституция адам құқығын қорғау жүйесін қалыптастырды және еліміздегі құқық қорғау мәселесін көтеруге ұмтылдырды. Конституция мүдделерінің мемлекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық және сот жүйесі болып бөлінуіне байланысты олардың бірігіп жұмыс жасауы, екінші жағынан, олардың тәуелсіздігі болып табылады. Еліміздің Ата Заңы «Ең бастысы − адам құқығы» деген қағиданы ұстанады. Ата Заң мемлекеттің басты құндылықтарын, адам құқығын басты назарға алды. Негізгі орынға демократиялық еркіндік пен азаматтардың жеке көзқарасын қойды. Олардың іскерлік бастамаларына мол мүмкіндік жасады. Соңғы жылдары Қазақстан саяси және экономикалық жағынан тұрақтанған, қаржы жағынан тәуелсіз елге айналды. Конституцияны қатаң сақтай отырып, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-құқықтық негіз қаланды. Конституцияда белгіленген бостандық пен адам құқығы, барлық декларациялар және басқа да нормалық актілер қатаң сақталған. Қазақстанның Ата Заңы – бұл мемлекеттік органдар қызметінің қайнар көзі. Ол-қоғамдық өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі.
Н.Узбекова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі, аудармашы. |
Обновлено 29.08.2012 16:02 |