Онлайн газет



ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің және комиссия төрағасының орынбасары Талғат Жамаловтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, орынбасары Бахтияр Қарауылов, мекеме басшылары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Отырыста «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын  реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы» комиссия жанындағы жұмысшы топтың жетекшісі Әлия Саққұлова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бойынша 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы» білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Елнұрбек Ермеков, «Аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бойынша 2023 жылы 9 айда атқарған жұмыстары туралы» денсаулық сақтау саласы кәсіподағы бастауыш ұйымының төрайымы Гүлнұр Маханбаевалар есеп берді.
-Әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты  комиссияның жұмысы туралы айтсақ аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 630 мекеме тіркелген. Осылардың ішіндегі 610 еңбек ұжымдарында ұжымдық шарт қабылданып, тіркеуден өткен. Мерзімі біткен мекеме басшыларына арнайы хат жолданды. Жаңадан ашылған жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалығы басшыларына ұжымдық шарт жасау бойынша жұмыстар тапсырылды. Үшжақты  меморандуммен қамтылған 630 кәсіпорын меморандумға көрсетілген тармақтар бойынша бүгінгі күнге толығымен орындалып отыр. Тойхана, кафе-ресторандар, ойын-сауық орталықтары мен сауда нүктелері тәрізді ірі кәсіпкерлік субъектілерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде аудан орталығындағы 22 дәмханада 105 азаматтың, сондай-ақ маусымдық жұмыстардан табыс тауып жүрген 250 азаматтың әлеуметтік - еңбек саласын цифрландыруға бағытталған E-HR жүйесіне еңбек шарттарын енгізу жұмыстары  жүргізілді.


Аталған комиссияның 6 рет отырысы өткізіліп, онда 21 жұмыс берушінің есебі тыңдалды, 123 жұмыскердің құқығы қорғалды. Ал 5 рет өткен штаб отырысында 24 жұмыс берушінің есеуылдық округтеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардағы, сондай-ақ «Байзақ су» кәсіпорны, «ROLA-7» ЖШС-і еңбек дауларының алдын алу, төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы, E-HR ақпараттық жүйеге жеке еңбек шарттарын енгізу, ұжымдық шарттар мен меморандумдар қабылдау, бейресми жұмыспен  қамтылған тұлғалар және төменгі жалақыны көтеру, еңбек ақы дауларының алдын алу шаралары  қаралды, - деді Әлия Бағысбекқызы.
Ал Елнұрбек Сайланбекұлы мен Гүлнұр Жұманқызы өз баяндамаларында өздері басқаратын кәсіподақ ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Олар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.
-Жамбыл облыстық кәсіподақтар  орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде 1400 бастауыш ұйымына топтасқан 125 мың кәсіподақ мүшесі бар. Олар 14 салалық кәсіподақ ұйымдарын құрайды. Олардың әрқайсысының өз аппараты, төрағасы бар. Біз осылардың жұмысын үйлестіріп отырамыз. Өздеріңіз білетіндей кәсіподақ қоғамдық ұйым болып есептеледі. Осы жерде кәсіподақ арқылы түскен жарнаның 20 пайызы ғана бізде қалады да, қалғандары аталған мекемелердің өздеріне қайтарылады. Ол қаржы өздерінде өтіп жататын іс-шараларға жұмсалады.
Облыста кәсіподақ қатарына 2021 жылы 2500-ге, ал былтыр 2400-ге жуық азамат қабылданса, биылғы көрсеткіш төмендеу болып отыр. Соған қарамастан біз мемлекеттік те, жекеменшік те секторлармен  жұмыс жасаудамыз.
Түсіне білген мекеме басшыларына кәсіподақ ұйымын құрып, олармен бірлесе жұмыс істеудің пайдасы көп. Кәсіподақ-жұмысшылардың құқығын қорғау, олардың талап-тілегін мекеме басшыларына жеткізу, оның дұрыс шешілуіне ықпал етеді.  Кейбір жағдайларда  жұмыс берушілер тарапынан жұмысшылар зардап шегіп жатады. Сондықтанда мұндай және жазатайым оқиғалардың алдын алып отыру керек.
Мекемеде алдын ала ұжымдық шарт жасалып, соның төңірегінде  жұмыс істелуі тиіс. Ұжымдық шартта барлығы түгелдей көрсетіліп, ол уақытында орындалып жатса жұмыс беруші тарапынан да, жұмысшы жақтан да ешқандай өкпе-реніш болмайды. Ең бастысы – жұмысшыларға дұрыс  жағдай жасалса,  жұмыста жүреді.
Бұл аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіподақ жұмысы өз  деңгейінде емес. Әсіресе үлкен шаруа қожалықтары, басқа да ұжым мүшелері кәсіподаққа толық кірмей отыр. Осыны қолға алу керек, - деді Бағлан Жиенәліұлы.
Отырысты Талғат Салқанұлы қорытындылап, аудандағы кәсіподақ ұйымдары тарапынан кездесіп жатқан кемшіліктерді қалпына келтіретіндерін айтты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 22.09.2023 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін100
mod_vvisit_counterКеше1415
mod_vvisit_counterОсы аптада6741
mod_vvisit_counterӨткен аптада14779
mod_vvisit_counterОсы айда8935
mod_vvisit_counterӨткен айда64363
mod_vvisit_counterБәрі2624671

Серіктестер