Онлайн газет



ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Еңбек  күніне орай,  «Аmanat» партиясы аудандық филиалы мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен,  «Таzalaik» партиялық жобасы аясында  бір топ қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Мереке қарсаңында өткен жиынды «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева ашып, 2013 жылдан бастап елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып белгіленгендігін, бұл күннің басты  мақсаты - еңбек адамының дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесін биіктету, қарапайым мамандық иелерінің қажырлы еңбектеріне құрмет көрсету екендігіне тоқталды. 18 ауылдық округтерден келген, елдімекеннің тазалығына үлес қосып жүрген, көп жағдайда еңбектері елене бермейтін еңбек адамдары, атап айтқанда, бір топ ақылы қоғамдық жұмысшыларды (оның ішінде көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды) алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова кәсіптің барлығы құрметке лайық екендігін, уақытпен санаспай, жылдың төрт мезгілінде тер төгіп жүретін еңбек адамдарына алғысын айтып, жұмыстарына табыс, отбастарына бақ-береке тіледі.
Жиын барысында еңбек адамдарына сый-сияпат көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді. Бәйтерек және Мырзатай ауылдық округтерінен келген Зауреш Табалдиева мен Бақытбек Сматов еңбектерін бағалап, ілтипат көрсеткендері үшін алғыстарын айтты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 22.09.2023 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1802
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1802
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда28942
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468124

Серіктестер