Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
МАЛ АЗЫҒЫ ЖОСПАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

«Күз қыстың хабаршысы» демекші, күздің де бір айы аяқталуға  жақындады. Демек, қыстың да ауылы алыс емес. Міне мұны жете түсінген шаруалар ала жаздай малдарын қысқа дайындап, қора-қопсыны ретке келтірді. Ең бастысы-аса жауапты науқан-мал қыстатуға қажетті жемшөптерін дайындап алды.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша осы аптаға дейін аудандағы жемшөп дайындау жоспары 100 пайызға орындалды.   Дәлірек айтқанда 23690 га жонышқалықтың бірінші, 12820 га екінші орымы, 5089 га табиғи шөп орылып, одан жоспардағы 210 мың тонна мал азығы толықтай дайын болды. Сондай-ақ жоспардағы 17 мың тонна пішендеме мен 45 мың тонна сабанда 100 пайызға  орындалды. Ал жоспардағы 16 мың тонна сүрлемнің (силос) 15135 тоннасы дайындалды. Жекелеген округтер арасында Бәйтерек, Жаңатұрмыс, Қостөбе, Сарыкемер ауылдық округтері 2000-2800 тонна аралығында сүрлем дайындап,  өз жоспарларын  орындап шықты. Сүрлем дайындау жұмыстары жалғасуда.
Биылғы жылғы шілденің шіліңгір ыстығы талайға дейін естен кете қоймас. Ауа райын болжаушылардың айтуы бойынша жаз қандай ыстық болса, қыс керісінше сондай суық болады деген бар. Сақтық үшін бұғанда сенуге болады. Сондықтанда аудандағы 18  ауылдық округте шабындыққа ерте шалғы салып, уақытпен санаспай еңбек етудің арқасында аудан  бойынша жылдық  жоспар жауын-шашынға ұрынбай ерте орындалып отыр. Сондай-ақ аудан бойынша өткен  жылдан қалған тағы 15000 тонна пішен бар. Енді  865 тонна сүрлем дайындалса бұл жоспарда орындалатын болады.
Биылғы жылы егін суының тапшылығы барлық  өңірлерде де байқалғанын білеміз. Сондықтанда болса керек аудандағы 23690 га жоңышқаның екінші орылымы толықтай жүзеге асқан жоқ. Ал мұның басты себебі жоғарыда айтқандай егін суының жеткіліксіз болуынан болса керек. Сондай-ақ биыл жауын-шашында сирек болғанын айта кеткен жөн.
Ендігі мақсат- шаруалар жиналып алынған шөпті ұқыпты пайдаланып, алдарындағы төрт түлікті қыстан аман алып шығу.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін384
mod_vvisit_counterКеше596
mod_vvisit_counterОсы аптада3028
mod_vvisit_counterӨткен аптада6945
mod_vvisit_counterОсы айда28948
mod_vvisit_counterӨткен айда30531
mod_vvisit_counterБәрі2104903

Серіктестер