Онлайн газет



ЕҢБЕКТЕН БАҚЫТЫН ТАПҚАН ЖАН

Еліміз егемендік алып, етек-жеңін қымтап тәуелсіздіктің ала таңында жоспарлы экономикадан нарықтық  экономикаға көшіп, өнеркәсіп пен өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында үлкен өзгерістер жасалып, жаңа бастамалар көтерілгендігі көпшіліктің есінде.
Еліміздің ұлан байтақ жерін алып жатқан ауыл шаруашылығын қайта құруда кеңшарлар мен ұжымдық шаруашылықтарды таратып, шаруа қожалықтарын құру жөнінде ҚР Үкіметтің жаңа бастамалары қолға алынды. Бұл шараға алғаш сенімсіздікпен, күдіктене қараушылыр да болды.
«Трудовой  пахарь»  ұжымдық  шаруашылығында  ұзақ  жылдар  қант қызылшасында звено  жетекшісі  болып  істеген, әр гектардан 450-460 центнерден  өнім алып, абыройға  бөленген, кезінде  аудандық  партия  комитетінің  пленум  мүшесі болған  Күлжамилә Сартбаеваның ұлы Жұмаділ Сартбаев жанұясымен  ақылдаса  отырып,  2007 жылы шаруа қожалығын құрған еді.
Аталған жанұя  шаруа  қожалығын құрған  алғашқы  жылдары қатты қиналды. Өйткені  қолдарында  өздерінің техникалары болмады. Мемлекет тарапынан бүгінгідей көмекте болған жоқ. Алайда жастайынан еңбекпен шыныққан Жұмаділ бұған мойымады. Қайта жастарға үлгі көрсетіп, еңбектің алдыңғы шебінде жүрді.
Шаруа  қожалығының  мүшелері  Балғын Қалиева, бауырлары мен ұл-қыздары Жансая, Нұржан, Бекжан, Жандос, Тұрсын  Сартбаевтар көктемнен күзге  дейін шаруашылықта  аянбай  еңбек  етті.  Қолда  бар  екі  бас  жылқы, екі  бас сиыр мен жиырма бас  уақ  малды өз төлі есебінен көбейтуді алға мақсат етіп қойды. Күндіз-түні малдың асты-үстіне  қарады. Шаруашылық  иелігіндегі  7 га суармалы  жерге жоңыршқа  және  арпа сеуіп,  күтіп-баптау арқасында  жақсы  өнім  алып  отырды. Жемшөбі өзінен болғандықтан бұл  күндері шаруашылықтағы мал басы өскен.
Шаруа қожалығы  жетекшісі  Жұмаділ Сартбаевтың  шаруа  қожалығын  ашқанға  дейін «Трудовой пахарь»  ұжымдық  шаруашылығында  жүргізуші  болып  істеп,  ауыл  шаруашылығы  саласында  жинаған  тәжірибесінің  көп  көмегі  тиді. Оған қызылшасы анасынан үйрегендерін қосуға болады. Жұмаділдің өзі ғана емес балалары да еңбекке бейім. Мал шаруашылығында болсын, егін егіп, жинауда болсын әкесінің жанынан табылады.
Бұл күнде  Ж.Сартбаев шаруа  қожалығында  «МТ3»  тракторы  шөп  жайлағышымен  және  «САТ» экскаваторы  өздері  үшін де  өзге  шаруа қожалықтар үшін  де  егін даласында тынымсыз  жұмыс  істеуде. Олар мал қыстату науқанына қажетті пішен дайындауда уақытпен санасбай еңбек етуде.
-Қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеріп, мерейін асыру мақсатында Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеялар кеңінен насихатталуда. Осы орайда, еңбек адамдарын, олардың жүріп өткен жолын, еліне жасаған қызметін, үлгі-өнегесін  насихаттаудың маңызы зор деп білемін. Өйткені  адал еңбек адамды өсіреді. Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалатыны анық. Ер атандыратын да, әр адамның тұрмыс жағдайын жақсартатын да, ақыл-ойын байытып нұрландыратын да- еңбек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілетіні туралы айтты. Сонымен қатар өз Жолдауында  «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен еді. Шындығында еселі еңбек қашан да еленеді, бағаланады. Лайықты құрмет те көреді. Адал еңбекпен табысқа жеткен жанның әркез мерейі үстем, еңсесі биік болады.
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ. Өмір көрген аға буын өкілдері  перзенттерін еңбек етуге,  адал табыс табуға, еңбек адамның көркі екендігін айтып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге міндетті,-деді кейіпкеріміз.
Қашанда халықтың алғысына бөленіп жүрген еңбек адамы Жұмаділдің мұндай тындырымды  тірлігі көпке үлгі. Сондықтанда  оны ауылдағы үлкен де, кіші де сыйлайды. Шындығында ол еңбектен бақытын тапқан жан.

Айтмаханбет ТЫШҚАНБАЕВ,
ҚР Білім  беру  ісі  үздігі.
Ақжар ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1882
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1882
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29022
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468204

Серіктестер