Онлайн газет



Конституция-біздің асқақ абыройымыз

Халқымыз үшін аса қастерлі  мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде алатын орны айрықша. Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Негізгі Заңымыздың қабылданғанына

ағымдағы жылдың  30-шы тамызында  17 жыл толғалы отыр.
1995  жылы Қазақстан халқы Конституцияға бірауыздан дауыс бере отырып, еркіндікті, дамуды және басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын шынайы демократияны таңдады. Сөйтіп мемлекетіміздің ұзақ жылдарға бағытталған стратегиялық мақсаттарын айқындаған Негізгі Заң өмірге жолдама алғаны баршамызға аян. Мерейлі  мерекеге орай ауданның бір топ тұрғындарының  пікірлерімен мерекелік лебіздерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Константин Ким, Байзақ аудандық сотының приставы: -Жаһанданудың қиындықтарына қарамастан қазақ елінің қол жеткізген табыстары мен алған асулары ауқымды. Осы жетістіктердің барлығы да – Ата Заңымыздың арқасы деп білеміз.
Қазіргі таңда Қазақстанның даңқы әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін қарышты қадамдар жасалуда. Шекарамыз халықаралық шарттарға сай белгіленіп,бекітілді, мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз және жаңа Астанамыз дүниеге келді.  Еліміз БҰҰ-ның тұрақты мүшесі болып, ТМД елдері арасында тұңғыш рет құзыретті ЕҚЫҰ-на жетекшілік етіп, Ислам конференциясының жұмысына басшылық жасап, төрткүл дүниедегі ғаламдық саяси оқиғалардың күрмеуін шешуге ықпал етуде.
Ата Заң қабылданғалы бері де біраз жыл өтті. Осы уақыт аралығында өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, ел экономикасын аяғынан тік тұрғызып,  қазақ елінің мәртебесін биіктеткен Елбасымыздың ерен еңбегін бүкіл әлем жұртшылығы жоғары бағалауда. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі этнос өкілдері ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгіп келеді.Олай болса ұлық мереке Конституция күні құтты болсын!
Л.Лемешева, с.Сарыкемер: - Принятие  30 августа 1995 года Основного Закона стало важнейшим событием в новейшей истории страны. Конституция дала возможность строить многонациональное  правовое демократическое  государство. В нашей многонациональной стране Конституция – нерушимый гарант равенства прав – независимо от национальности, языка, социального происхождения, вероисповедания.
День Конституции Казахстана – эта дата стала  одной из самых заметных для всех казахстанцев.
Народ Казахстана живёт в мире и согласии, трудится и созидает. Мы, молодая республика, и именно для молодёжи, для будущих поколений казахстанцев все наши труды и старания.
Благодаря инициативам и всемирной поддержке Президента создаются все условия для того, чтобы молодые люди могли получить достойное образование и работу, реализовать свои  творческие возможности.
Мы живём в Казахстане давно, здесь родились мои дети, внуки. И судьба моих детей связана с судьбой страны, поэтому меня радует то, что мы живём в демократическом государстве, в мире и согласии, единым народом, и именно сплочённость и усилия всех казахстанцев являются гарантией успеха нашей страны.
Сегодня Казахстан – страна, устремлённая в будущее, успешно и эффективно осуществляющая экономические и социально-политические реформы. Главным принципом является достижение достойного уровня благосостояния  всех граждан, сохранение  национально-культурного многообразия. В Казахстане эффективно решаются вопросы социального обеспечения  граждан:  повышаются  размеры пенсий, социальных пособий, заработной платы работников бюджетной сферы. Всё это не может не вселять уверенность в правильности нашего выбора, что в своё время мы не покинули Казахстан  и решили остаться здесь.
Пользуясь случаем, хотелось бы поздравить всех с великим государственным праздником – Днём Конституции. Пусть всегда будет над нами ясное мирное небо.
Анжела  Цой, К. Әзірбаев атындағы саз мектебінің кітапханашысы: -Бірлігіміз  жарасқан, тәуелсіз еліміздің бір бөлшегі Жамбыл облысы  Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы К. Әзірбаев атындағы саз мектебінде кітапханашы болып қызмет етіп жатқаныма біраз жылдардың жүзі болды. Тәуелсіз елімізде сан ұлт өкілдері бір қолдың саласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Біз Қазақстандағы татулықты, бірлікті, ынтымақты қастер тұтамыз. “Бірлік бар жерде, тірлік бар” дегендей, барша ұлттарды ортақ мақсатқа ұйыстырып, ел мерейін өсіріп келе жатқан Елбасымыздың  халықтар бауырмалдығын ту еткен саясатына айтар алғысымыз шексіз.
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 17 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде тәуелсіз елімізде ауқымды істер атқарылды. Жыл сайын Елбасының сарабдалдықпен жүргізіп отырған  саясатының арқасында экономика нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі жаңа белеске көтеріліп келеді. Елімізде қалыптасқан этносаралық және дінаралық келісім тәуелсіздігіміздің берік тірегіне айналып отырғанына шүкіршілік етеміз.
К.Бешли-оглы, с. Бурыл: - 17 лет назад  граждане Независимого Казахстана сделали свой выбор в пользу принятия Конституции Республики Казахстан. День Конституции – один из самых наших главных государственных праздников.
Глава государства неоднократно отмечал, что творцом нынешнего Казахстана является народ Казахстана,  и это   придает  не только высшую юридическую,  но и духовно-нравственную силу.
Сегодня  мы имеем возможность свободно трудиться, жить в мире и согласии, следуя положениям Основного Закона страны.
В наших сёлах происходят значительные положительные перемены: строятся школы, больницы, ремонтируются дороги, больницы, детские сады. Всё это позволяет нам с уверенностью смотреть в будущее и строить смелые планы  по созиданию сильного, процветающего и богатого Казахстана.
Мы являемся свидетелями  динамичного, демократического развития. И, конечно же, рады, что наши дети будут жить в той стране, где Конституцией страны  гражданам предоставляются  все свободы.
И хотя я не родился здесь, здесь родились мои дети, мы решили обосноваться  в Казахстане навсегда.
И как не гордиться словами, звучащими в Основном Законе: «Республика Казахстан утверждает себя демократическим, светским, правовым и социальным государством, высшими ценностями которого является человек, его жизнь, права и свободы».
Эти слова вселяют уверенность в то, что у наших детей будет светлое будущее.
Нияз Назимов, Сарыкемер ауылының тұрғыны:- Көп жылдан бері аудан орталығында тұрамын, перзент өсіріп,  нанымызды адал еңбекпен тауып отырған  отбасымыз. Ата Заңымыздың ережелерін басшылыққа ала отырып, біз еркін еңбек етуге, білім алуға, әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалануға, бейбіт те тыныш өмір сүруге мүмкіндігіміз бар.
Тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүріп жатырмыз. Өзге аймақтармен қатар біздің ауданымыз да тұрақты даму үстінде, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Ауылдарымыз бен қалаларымыз көркейіп, ұлтаралық татулығымыз нығая түсуде. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатқандығы анық.
Ауданымызда азық-түлік белдеуін құру, отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. Менің отбасым көп жылдан бері көкөніс өсірумен айналысып келеді.  Жер ананы күтіп, баптай білсек, төгілген тер қайтарымын көреді екенсің. Сондықтан тәуелсіз елімізде еңбек адамының  өзі қалаған кәсіппен шұғылданып, отбасын асырап,  ел экономикасына өз үлесін қосуына  бар мүмкіндік жасалғанын мақтанышпен айта аламын. Олай болса, мерейлі мереке құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің мәртебесі әрдайым биік болсын демекпін.
Нұрсұлу Тулегенова, Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің медбикесі;- Конституция күні - ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі аса маңызды мейрамдардың бірі.
Еліміз егемендік алысымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тарыдай шашылған  қазақтар туған отанына оралып жатыр. Менің отбасым 2005 жылы Түрікменстаннан  Байзақ ауданына көшіп келді. Бір ұл, екі қыз өсіріп отырған анамын. Туған жеріміз құшақ жая қарсы алды, бірден жұмысқа орналастым,  жаңа достар таптым. Конституцияда атап көрсетілген еңбек ету, еркіндік және шығармашылық құқықтары азаматтардың жасампаздық құлшынысын, бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға барынша жағдай жасалған. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын ауданымыздың  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ұлғайып, білім ошақтары денсаулық сақтау  тіректері салынып, ауыл ішіндегі жолдар жөнделіп, шағын   кірпіш, құбыр шығаратын цехтар  іске қосылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда.Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім салтанат құрған жерде береке мен бірлік  орнап, елдің әл-ауқаты жақсаратындығы анық. Еліміздің бас мерекесі Конституция күні елімізге құт, таусылмас дәулет әкелсін  демекпін.

Обновлено 29.08.2012 15:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін239
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8753
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38356
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245742

Серіктестер