|
Г.Калметова, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог- дәрігері.
Қан құю мәселесі медициналық ұйымдарда ең өзекті мәселе болып табылады, қазіргі кезде медицинада емдеуге жатпайтын (АИТВ вирусы, гепатит С) індеттері қан арқылы беріледі. Сондықтан қан құю кезінде залалсыздандыру шаралары жоғары жетістікте болуы керек. Бүкіл Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында вирусты инфекцияның стационарда қауіп қатерінің төмендеуі үшін
дербес іс-шаралар жүйесі бойынша көптеген механизмдер қолданылады. Осы механизм қан берушіден бастап реципиентке дейінгі қанның тексерілу этаптарының барлық деңгейін қамтиды. Жамбыл облысында облыстық қан орталығы (ОҚО) жұмыс істейді, онда ақылы және ақысыз қан берушілердің қандары тексерілуден жүргізіледі. Ақысыз донордың үлесі-шамамен 94 %, ал ақылы – 6 %. Жыл сайын шамамен 8 мың литр қан дайындалады. Донорлар қатаң бақылаудан өтеді. Донорларды жеке төлқұжаты бойынша қабылдайды. Жеке құжаты бойынша донор арнайы сауалнама толтырады, онда донордың операция жасағандығы, қандай ауруларға шалдыққаны және қанмен байланысты қандай да бір медициналық іс-шаралар қолданғандығы туралы ақпаратты береді. Содан кейін, донордың төлқұжат мәліметтері электрондық базамен салыстырылады. Қан тапсырушы бірінші тексерістен өткеннен кейін, әрі қарай медициналық тексерістен өткізіледі, онда бойы, физиологиялық көрсеткіштеріне және де қан құрамындағы А, В, D, Kell антигендеріне талдау жасалады. Ақылы донордың қаны қанмен берілетін ауруларға донацияға дейін тексеріледі ал ақысыз донорлардікі соңынан тексеріледі. Қан сарыпқа және мерезге, сары аурудың В, С қоздырғыштарына, АИТВ-ға тексерілуге жіберіледі. Егер қанның құрамында антиденелер анықталған жағдайда қан жойылады. АИТВ-ға жалған нәтиже бергеніне байланысты, яғни «Серонегативті терезе» жүрген кезде (АИТВ жұқтырған кезеңнен кейін, қанда специафиқалық антидененің анықталу деңгейінің жеткіліксіз болуынан ауру адамның басқа адамға жұқтыру қаупі бар), қанды полимерлік байланыс реакциясы (ПБР) әдісімен зерттейді. Сонымен қатар қанның құрамдары лейкофильтрациядан өтеді, яғни қан лейкоциттерден тазартылады. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары қанда клеткалардың ішінде жатады, яғни лейкоциттердің ішінде. Лейкоциттер – қан элементтерінің ең ірілері болғандықтан, фильтрдің сүзгіштерінде жеңіл орналасады. Сондықтан қанды лейкоциттерден тазартқан кезде басқа да инфекциялық агенттер 100 % жойылады. Жоғарыда айтылған іс-шаралардың барлығы орындалған кезде қанды реципиетке құюға болады. Реципиенттер қанмен таратылатын инфекцияларға, сонымен қатар АИТВ-ға қан құйғанға дейін және құйғаннан кейін де тексеріледі. 03.11.2011 жылғы №1280 Үкімет қаулысына сәйкес, реципиенттерге қан құйылғаннан кейін АИТВ-ға екі рет, атап айтқанда 1 айдан кейін және 3 айдан кейін тексеріледі. Мұндай тәртіп біріншіден, АИТВ жұқтырудың ауруханаішілік жұқтыру қаупін болдырмауға, екіншіден, серонегативті терезе оң нәтиже бермей, жұқтыру қаупін төмендетуге тікелей әсер етеді. |