Онлайн газет



Жылыжай кешенінің жұмысымен танысты

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткен апта соңында облысымызға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вячеслав Косаревтің келгені белгілі.
Мәртебелі қонақ сенбі күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған бір топ басшылармен бірге қала орталығындағы

“Достық” алаңында, биыл екінші рет өткізіліп жатқан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап, сауда сөрелеріне қойылған азық-түлік түрлері, олардың сапасымен, бағаларын өз көзімен көріп, тауар өндірушілермен тілдесті. Облыста бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Бұдан соң  халық қалаулысы қалалық әкімдікте ауыл  шаруашылығы мәселелеріне арналған жиынға қатысып, аграрлық саланы дамыту мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісті.
Түс ауа В. Косарев Байзақ ауданына атбасын бұрып, “Манат” шаруа қожалығында болды. Мұнда депутат мырзаны күтіп алған аудан әкімінің орынбасары Д. Сұлтанбеков, жылыжай кешенінің директоры Саха Манатовтар голланд технологиясы бойынша салынған жылыжай туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оның жұмыс істеу жүйесімен таныстырды. Жалпы еліміздің аграрлық саласын дамыту перспективаларымен айналысуды алдына мақсат қойған В. Косарев үлкен қызығушылық  танытып, өз кезегінде жылыжайдың экономикалық тұрғыдан тиімділігі, мұнда жұмыс істеушілер саны, жалақы мөлшері, өндірілген өнім көлемі, сатылым бағасы, мемлекет, жергілікті билік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, сонымен қатар, проблемалық  мәселелер жайында сұрап, бұл салада жинаған тәжірибелері, ой-пікірлерімен бөлісті.
Жалпы облыс, аудан аумағында ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан, алдағы уақыттарға жоспарланып қойған жұмыстар жайында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы А. Нұралиев қосымша мәлімет берді.
Жылыжай кешенінен үлкен әсер алған халық қалаулысы  ауыл еңбеккерлеріне алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аттанып кетті.

 

Обновлено 05.03.2014 16:46
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2857
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11179
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74657
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120467

Серіктестер