Онлайн газет



Ветеринария қызметі сарапқа түсті

С.Нұрмаханұлы,
“Ауыл жаңалығы”.

Аудан аумағындағы ветеринария саласының жай-күйі аудан әкімдігінің бейсенбі күні өткен кезекті мәжілісінің қызу талқылауға түскен басты мәселелерінің бірі болды.
Арнайы дайындалған слайдтар арқылы көрсетіліп, аудандық ветеринария

 

бөлімінің басшысы Қ.Ораловтың жасаған баяндамасына жүгінер болсақ, өткен есепті жылы аталмыш (қызмет) бөлім қызметкерлері тарапынан ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуда, ауруларды диагностикалауда, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар толығымен орындалған. Аталмыш шараға республикалық бюджеттен 86 613 000  теңге қаржы бөлініп, игерілген. Ал, жергілікті бюджет есебінен қаңғыбас иттерді аулауға 1300,0 теңге қаражат бөлініп, жалпы аудан бойынша 1001 бас ит ауланып, жойылған. Сонымен қатар, 2013 жылы республикалық бюджет есебінен ветеринариялық бекеттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 73 833 064 теңге бөлініп, оған қажетті құрал-жабдықтар, “Нива” қызметтік автокөліктер сатып алынған.
Бұдан әрі баяндамашы есепті мерзімде жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалық тексеру жұмыстары, яғни тексерілген мал түрлері мен саны, аусыл, сібір жарасы, қарасан, құс тұмауы, туберкулез, құтыру, оба сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілген мал басы, қан сынамаларын алуда ғылымның жетістіктерінің бірі - вакуумдық пробиркалардың тиімді тұстары, бруцеллезге қарсы жүргізілген жұмыстардың оң нәтижелері, құрамында 17 ветеринарлық (пункт) тіректері бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмыстарына, сонымен қатар Қыдырәлі Дәнебайұлы тәжірибелі маман ретінде, аталмыш салаға қатысты басқа да мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Талдауға түскен мәселе бойынша сөзге шыққан Көктал ауылдық округінің әкімі Б.Үкібаев, аудан әкімдігінің ветеринариялық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директоры Қ.Ахатовтар өз ауыл-аймақтарындағы, жалпы аудан аумағындағы ветеринариялық жағдай, атқарылып жатқан жұмыстар, туындап отырған проблемалық мәселелер жайын баяндады.
Сөзге шыққан азаматтарға өзекті мәселеге қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Олардың қатарында - ауылдық жерлердегі мал өлексесін тастауға арналған қорымдардың ветеринарлық талаптарға  сәйкестігі,  ауылдағы мал басының электрондық базаға енгізілуі, субсидия төлеу мәселелерінде туындауы мүмкін кедергілер, малды қолдан ұрықтандыру, жалпы малды асылдандырудың маңыздылығы сынды көптеген көкейкесті мәселелер әңгіме арқауына айналып, сала басшылары мен мамандарға, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжіліс күн тәртібіндегі функционалдық міндеттермен бағдарламалардың орындалуы туралы мәселе бойынша Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі С.Медеубеков, аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетовтер өз салалары бойынша (функционалдық міндеттерінің орындалу барысы туралы) есеп берді.
Әкімдік мүшелері және мәжіліс төрағасы тарапынан есеп беруші азаматтарға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Мәжіліс қатысушылары бұдан әрі қарай басқа да мәселелерді қарап, оның әрбірі бойынша тиісті қаулы қабылдады.
Алқалы жиынды аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев қорытты.

 

Обновлено 05.03.2014 16:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1048
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6414
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36323
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566564

Серіктестер