Онлайн газет



БАРША ЗАҢНЫҢ БАСТАУЫ

1995 жылдың 30 тамызы күнгі Конституцияның жарыққа шығуы тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына елеулі жаңалық әкелді. Конституция

барлық халықтың жалпы дауысымен референдумда қабылданған болатын. Сондықтан Конституция күні мемлекетіміздің басты мерекесі ретінде танылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. 
Сот жүйесін реформалау жолында жүргізілген шаралар азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен бостандықтарының қорғалуын көздеп, соттың беделін өсіруді, қолжетімділікті орнықтыруды, сот органдарына сенімді күшейтуді, соттардың рөлі және әлеуметтік маңыздылығы туралы халық пікірінің жақсартылуын, азаматтардың құқықтық ақпараттандыру деңгейінің көтерілуін, олардың заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауын қамтамасыз ету бойынша белсенділігін арттырады.
Сот жүйесінің одан әрі дамуы 2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты. Заңда республикадағы сот құрылымының принципті жаңа нормалары, соттардың қызметін ұйымдастыру тәртіптері белгіленді. 
2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізудің нәтижесінде Қазақстанның сот жүйесі азаматтардың құқықтарын қорғаудың қуатты тетігіне, соның ішінде қамауға алуға соттың санкция беру құқығына ие болды. Сот жүйесінің жұмысын және сот төрелігін іске асыруды реттейтін жаңа заңдар топтамасы қабылданды.
Ата Заңымыз еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, судьялардың мәртебесін көтеруге зор үлес қосты. Соның ішінде сот кадрларын іріктеу Жоғары Сот Кеңесіне берілгенін, тұтқындауға санкция беру құзыреті прокуратурадан алынып, соттарға ауыстырылғанын, өлім жазасына мораторий енгізілгенін ерекше атап өткен жөн. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік-құқықтық қорғау кепілдіктері жақсара түсті. Алқабилер институты, мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық соттар құрылып, жұмыс жасауларының арқасында сот беделі көтеріліп, түрлі дауларды шешудің баламалы әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға тиісті түзетулер мен өзгерістер енгізіліп, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Аралық соттар туралы», «Халықаралық коммерциялық төрелік соттар туралы», «Медиация туралы» заңдар мен басқа да маңызды нормативтік қаулылар қабылданды.
Ата Заңымыздың 75-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыратыны атап көрсетілсе, 77-бабында «судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз, ол Конституция мен заңға ғана бағынады» деп нақтыланған. Байзақ аудандық соттарының ұжымы ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып сот төрелігін жүзеге асыруда үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығын  жақсы жетістіктермен қорытындылады. Атап айтқанда барлығы 42 тұлғаға қатысты 33 қылмыстық іс қаралды, 512 азаматтық іс қаралды, 388 тұлғаға қатысты 380 әкімшілік іс қаралды
Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз еліміздің бірлігі мен тұтастығының негізі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық жетістіктердің бастауы екені сөзсіз. Алдағы уақытта егеменді еліміздің басты заңы өркендеп, қанаты кеңейе берсін демекпін.

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.



 

Обновлено 29.08.2012 15:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін285
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9261
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27340
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234726

Серіктестер