|

Осылай деп ұрандатқан облыстың бір топ жастары апта басында ауданымызға табан тіреді. Елбасының ел халқына арнаған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындайтын мәселелерді
талқылау үшін арнайы келген ақпараттық-насихаттық автокеруен мүшелерін аудан жастары жылы шыраймен қарсы алды. Алдымен Сарыкемер орта мектебінің акт залында жиын өткізілді. Онда сөз сөйлеген аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов Жолдау жүктеген міндеттерді тілге тиек етіп, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығының» бастамасымен ұйымдастырылып отырған шараның мән-маңызы зор екендігін атап өтті. Мұнан соң мінбеге көтерілген Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» мекемесінің директоры Е.Әмірбеков еліміздің бас құжатында барлық салалар қамтылғандығын, әсіресе жастар мәселесі назардан тыс қалмайтындығын сөз ете келе, кейінгі ұрпаққа жүктеліп отырған жауапкершіліктер мол екендігін, осы жолда біріге, бірлесе еңбек ету қажеттігін ауызға алды. Келесі кезеңдерде жиылған жастар қауымы үш секциялық жұмыстарда бас қосып, Жолдаудағы әрбір басым бағыттар бойынша пікір алмасты.
Өз тілшіміз. |
|
Обновлено 05.03.2014 16:43 |