Онлайн газет



ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Көп айтыла бермейтін, айтылса да аса бір ден қойыңқырамай жүрген ақиқат бар. Оны бір сөзбен түйіндеп айтсақ, ел өсу үшін оның мәдениеті өсу керек деп өрнектеуге болар еді.

Соңғы жылдардағы мәдениет саласына деген жан-жақты қамқорлықтың негізінде біздің өңірдегі бірқатар мәдениет үйлері ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіліп, ұлт игілігіне қызмет етуде деп нық сеніммен айтуға болады.
Халықтың мәдени тыныс-тіршілігіне рухани күш беретін мәдениет мекемелерінің бүгінгі таңда қажеттілігі артпаса кеміген жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан аумағындағы елдімекендерде орналасқан мәдениет ошақтарына үстіміздегі жылы жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылып, соның нәтижесінде аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйі шатырының сол жақ қанатына, Үлгілі, Суханбаев, Мырзатай ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жуырда аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылған Мырзатай ауылдық клубының жұмыс барысымен танысудың сәті түскен болатын. Мырзатай ауылының қақ ортасында орналасқан мәдениет ошағы алыстан менмұндалайды. Бұл мәдениет үйінің осы уақытқа дейін төбесінен су сорғалап, біршама қиындықтар тудырғаны белгілі. Себебі, оның төбесіне жабылған жұмсақ жамылғыдан су өтіп, ішкі бөлмелерге өз зиянын тигізген еді. Осыны ескерген жергілікті билік орындары ауылдық клуб шатырын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін тендер жариялап, өткізілген тендер нәтижесінде «Тулеков Жумабек» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып табылды. Жеке кәсіпкер жалпы құны екі миллион теңгеге аталмыш мәдениет үйінің шатырын профнастилмен жауып берді. Айналасы он шақты күнге созылған ағымдағы жөндеу жұмыстары өз уақытында аяқталды. Ендігі таңда ауыл тұрғындары шатыры жаңартылған мәдениет үйінде ұйымдастырылған кез келген мерекелік іс-шараларды алаңсыз тамашалайтын болады.
Айтпақшы, сонымен қатар аудандық бюджет есебінен осы ауылдық мәдениет үйіне қосымша 1,5 миллион теңге бөлініп, қазіргі күні көгілдір отын кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 29.08.2012 16:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1207
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4508
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34111
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241497

Серіктестер