АУЫЛДЫҚ КЛУБ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ |
Шара барысында Асхат Раздықұлы тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, әже тәрбиесінде өскендігін айтып, ақжаулықты аналарды көргеніне қуанышты екендігін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласын дамыту мақсатында 7 жылдық нақты жоспар құрылып, тұжырымдама әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілгендігін атап өтті. Жамбыл облысында 17 мәдениет нысанында жөндеу және 14 нысанды салу жұмыстары көзделіп отырғандығын жеткізді. Биылдың өзінде 14 мәдени нысанның құрылысы басталып, 9-ы облыс әкімінің қолдауымен жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндігін, ал 5-і келесі жылдың басында іске қосылатындығын айтты. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 59 спорт нысандары республикалық және жергілікті бюджет есебінен ел игілігіне берілетіндігін жеткізді.
-Мәдениет - елдің рухани қазынасы, өнер-ұлттың жаны. Елімізде игілікті істер өркен жайып, мәдениет нысандары көптеп салына берсін. Сіздерді айтулы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-дей келе министр ауыл клубына музыкалық орталықты табыстады. Өз кезегінде ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Мұхаметжан Садырқұлов ауыл клубы - тұрғындардың көптен күткен арманы орындалғанын, 1970 жылы осы ауылдан құрылған «Шахан» халық театры одақтас республикаларға өнер көрсеткенін айтып, жаңа нысан - жастардың рухани азық алатын ордасы болатындығына сенім білдірді.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 04.06.2023 12:15 |
Халыққа жолдау
ЖАРНАМА








![]() | Бүгін | 420 |
![]() | Кеше | 685 |
![]() | Осы аптада | 420 |
![]() | Өткен аптада | 5474 |
![]() | Осы айда | 17356 |
![]() | Өткен айда | 20198 |
![]() | Бәрі | 2039847 |