Онлайн газет



CЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Кеше аудан орталығындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Болашаққа бастар жол» тақырыбында мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Соңғы қоңырауға биылғы оқу жылында мектептен білім алған 2028 оқушының 11-сыныпты бітіріп отырған 71 жас түлегі  ұстаздары, ата-аналары, сондай-ақ аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудан әкімінің орынбасарлары Болат Сағынбеков, Талғат Жамалов, аудандық мәслихаттың депутаты

Бағдат Момыновтар қатысты.
Әсем безендірілген мектеп алдындағы орталық алаңқайға кеуделеріне «Жас түлек-23» деген лента таққан мектеп бітіруші 71 түлек сынып жетекшілері және олардың алғашқы ұстаздары шақырылғаннан соң Мемлекеттік Гимн орындалып, жиын басталды.
Аталған шараға қатысқан аудан әкімі Бақыт Қазанбасов  алғашқы болып жас түлектерге арнаған құттықтауын жеткізді.
-Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, сіздерді бүгінгі соңғы қоңырау, мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын!
Аудандағы 24 мектепте биылғы жылы 22435 оқушы сапалы білім, саналы тәрбие алды. Солардың 934 жас түлектер болса, соның 71 осы мектептен болып  отыр. Бұл  мектептің бұрынғы шәкірттері де өздерінің терең білімдері арқасында жақсы жақтарынан көрініп, аудан абыройын асқақтатып келеді. Сіздердің араларыңыздан 2 оқушының «Алтын белгіге», 1 оқушының үздік аттестатқа үміткер болып отырғанын білеміз. Сіздерге сол алдағы шәкірттеріміздің жүріп өткен жолдары жұғысты болып мемлекеттік емтихан мен Ұлттық бірыңғай тесті жақсы тапсыруларыңа тілектеспіз. Биылғы соңғы қоңырау соғу салтанаты Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұны да жақсылыққа жоруға болады. Келешекте үлкен азамат болып, тәуелсіз еліміздің тірегі болуларыңызға тілектеспін,-деді аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы.
Бұдан кейін мектеп директоры Гүлбаһрам Ермекова, ата-аналар атынан Сұлухан Ешмұратова, алғашқы ұстаздары атынан Дүрия Исақова, «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер Аслан Шапаевтар сөйлеп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.
Салтанатты жиын барысында ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектер «Тәуелсіз Қазақтың қызымын», «Қош бол, енді мектебім!», «Мектеппен қоштасу» әндерін орындады. Мектеп бітірушілердің мектеп өмірінен көрсеткен көріністері, ұстаздарына арнаған арнау өлеңдері де сәтті шықты.
Мектеп бітіруші түлектер өздерінің білім мен тәрбие алған алтын ұяларында 20 мыңнан аса қоңырау үнін естіген екен. Енді міне соңғы қоңырау үнін еститін сәт те келіп жетті. Сап түзеген жас түлектер алдында соңғы қоңырауды «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа үміткер Мадина Әбдіраманқызы, Мағжан Қозыкеев, 1-сыныптың үздік оқушылары Аружан Берлісбек, Алдияр Дүйсеналылар соғып, жас түлектердің көңілдерін босатты.
Салтанатты жиын мектеп түлектері хорымен орындалған «Соңғы қоңырау» әнімен қорытындыланды.

 

Сундетулла Әбілов,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 04.06.2023 12:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін536
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада3837
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33440
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2240826

Серіктестер