Онлайн газет



ТАРИХҚА - ТАҒЗЫМ

Аудан орталығындағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қойылған құлыптас маңында жиын өтті.
Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов сөз сөйлеп, халқымыздың тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірі-ашаршылық пен қуғын-сүргін оқиғасының зардабына тоқталды. 1931-1933 жылдары болған ашаршылықта еліміз 4,5 млн. азаматынан айырылғандығын, ал 1937-38 жылдары небір көрнекті ұлт тұлғалары «халық жауы» атанып, жазықсыз өлім жазасына кесілгендігін, осы жылдары елімізге 1,5 млн. өзге этнос өкілдері еріксіз қоныстанғандығын жеткізді. Жас ұрпақтың борышы-елінің бірлігі мен болашағы үшін күрескен қайсар бабаларды ешқашан ұмытпауымыз қажеттігін баса айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков еліміздің жарқын болашағы, жеріміздің бүтіндігі үшін күрескен ардақты азаматтардың есімін қастерлеп, еңбегін құрметтеу, тарих ақтаңдақтарын ұмытпай, өткеннен сабақ алу қажеттігіне басымдық берді. 
Еске алу іс-шарасына қатысушылар Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, құлыптасқа гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.06.2023 12:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1268
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8546
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26625
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234011

Серіктестер